F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауылдың дәмі, қаланың сәні: Өскеменде Зайсан ауданының жәрмеңкесі өтті

F16 F16
08.11.2025, 13:05
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін Өскеменде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкенің жөні бөлек, ауқымы кең болды. Бір мезетте қаланың бес ауданында сапалы табиғи өнімдер базардағы бағадан төменге саудаланып, қала тұрғындарына тамаша тарту жасады, деп хабарлайды F16.kz.

 

 

1 - 15
- +

“Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында Зайсан ауданынан келген шаруалар сауданың көрігін қыздырды. Сауыр-Сайқанның етегінен “ел көшіп келіп жатыр” дегенді естіген өскемендіктер таң сәріден осында ағылды. Ірі қара мен ұсақ малдың еті, қазы-қарта, жал-жая, үйтілген қойдың басы, аршылған ішек-қарынға дейін бар. Құрт-ірімшік, қатық-қаймақ, тары-талқан, қарындағы сары май толып тұр. Таңдау мол. Бағасы нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Сондықтан да болар “Алтайды” бетке алған қауым ет пен сүтті, құрт пен майды пышақ үстінен талап әкетіп жатты.

Жәрмеңкеге үнемі келемін. Бүгін мінеки Зайсан ауданының шаруалары келіпті. Қой етінің келісін 3 мың теңгеден алдым, семіз екен. Баға базардағыдан әлдеқайда төмен. Халыққа арзан азық-түлік сату үшін өстіп жәрмеңке өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға рахмет. Бұл игі іс жалғасын таба берсін, – деді өзін Бизада деп таныстырған Өскемен тұрғыны.

Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаевтың айтуынша, жергілікті шаруа қожалықтар облыс орталығына 5 тонна ет, құрт-май, сүт өнімдері, тары-талқан және басқа да азық-түлік әкеліпті.

“Туған жер – алтын бесігім” акциясы аясында Өскеменде Зайсан ауданының күндері өтіп жатыр. Кеше филармонияда үлкен концерт бердік. Халық риза, көрермендер көп болды. Осы акцияның екінші күнінде міне “Алтай” көтерме-cауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аудан шаруашылықтары барлығы 26 бас малдың етін әкелді. Оның ішінде 2,5 тонна жылқы еті, 2,4 тонна сиыр еті, 500 келі қой еті бар. Бағасы көңілге қонымды. Мәселен, жылқы етінің келісі 3100 теңгеден саудаланса, сиырдікі – 3300 теңге, қой еті 3000 теңгеден ұсынылды, – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.

Базаршылап келген жұрт сауда-саттықпен қатар аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, көңіл көтерді. Арнайы құрылған сахнада күміс көмей әншілер әуелетіп ән салып, тыңдарман халайықтың құлақ құрышын қандырды.

Бұл күні Зайсан ауданының өнерпаздары жаңадан ашылған Maxi Mall сауда орталығында концерт қойып, көрме ұйымдастырды. Көпшілікке арналған ойын-сауық бағдарламасын өткізіп, сайыста жеңімпаз атандарғандарға сыйлық үлестірді.

Бұдан кейін зайсандық делегация тарту-таралғысын алып жылдағы дәстүрмен “Үміт” балалар үйіне барды. “Ауылдың дәмі” деп құрт-ірімшік, ет, сүт сияқты құнарлы, ең басысы жергілікті жерде өндірілген табиғи таза өнімдерді балалар қуана-қуана қабыл алды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі “Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығынан бөлек қаланың төрт бұрышында өтті дедік. Соның бірі Ивушка ауданындағы Дос-Нар базары болса, екіншісі –Защитадағы Теміржолшылар саябағы. Бұған қоса Согра ауданындағы “Валентина” сауда үйі мен Жібек маталар комбинатында орналасқан “Керуен” сауда үйінің алдында да жәрмеңкеге келген жұрттың қарасы көп болды. Өскемен қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен осымен екінші апта бір мезетте қаланың бес ауданында азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді. Бұл дәстүр үзілмей, ары қарай жалғасын тапса дейді тұрғындар.

Опытное поледа тұрамын. Осы жерде (Защита, ауд., Теміржолшылар саябағы – ред.) жәрмеңке өтеді дегенді естіп арнайы келдім. Ет алдым. Бағасы біз сияқты зейнеткерлерге әбден лайық екен, базардағыдан төмен. Ірі қара, жылқы, қойдың жаңадан сойылған жас еті бар екен. Жақсы, бұл бастама ары қарай жалғасын тауып, жәрмеңке осымен тоқтап қалмаса екен, – деді Опытное поле ауылының тұрғыны, зейнеткер Нұрғалым Мәденов.

Тегтер: F16Азық-түлік қауіпсіздігіауыл шаруашылығыжәрмеңкеЗайсан ауданыӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған