Тарбағатай ауданы жағажай туризмін дамытуды қолға алмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Алдағы жылдары Байтоғас ауылының маңындағы Зайсан көлінің жағалауы туристер мен инвестиция тартатын орталыққа айналуы мүмкін. Қазір демалыс орнының бас жоспары дайын.
Демалыс базаларын салу үшін инвестор тартуды жоспарлап отырмыз. Инвестор тартуда әсіресе жергілікті кәсіпкерлерге басымдық бермекпіз. Бұрын тұрғындар кез келген жағжайда суға түссе, қазір келушілердің қолайлылығы үшін 40-қа жуық киіз үйлер құрылды. Санитарлық жағдайы қолға алынды деп айта алмаймыз. Десе де, демалыс мәдениет қалыптасып келеді, — дейді Дархан Шомпайұлы.
Аудан әкімінің сөзінше, демалыс базалар салу үшін дизайн-код жасалмақ. Жоспар бойынша барлығы бір дизайнда, бірдей құрылыс материалдарынан салынуға тиіс.




