F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов облыс әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді: Үкіметте құқық бұзудың алдын алу туралы жиын өтті

F16 F16
20.04.2026, 14:19
Билік, Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет жанындағы құқық бұзудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында референдум нәтижесінде қабылданған Конституция нормаларын тиімді және жедел енгізу, сондай-ақ елде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі түрде орнықтыру мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды F16.kz.

Алқалы жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та онлайн қатысып, Премьер-министр жүктеген міндеттерді назарға алды.  

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа конституциялық өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзудың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы былтыр «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойды. Бұл заң құқық бұзудың алдын алу жүйесін түбегейлі жаңғыртуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, профилактикаға жауапты субъектілердің тізбесі кеңейтіліп, ведомствоаралық комиссияның құрамы толықтырылды. Ең маңызды жаңашылдық – құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына тек мемлекеттік органдар ғана емес, азаматтық қоғам, жергілікті қауымдастықтар және әрбір азаматтың тартылуы, – деді Олжас Бектенов.

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЕЛДІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

Премьер-министрдің айтуынша, «Заң мен тәртіп» қағидаты енді тек құқықтық ұғым емес, ел дамуының негізгі идеологиялық және институционалдық тірегіне айналуға тиіс. Осы бағытта барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, деректер алмасу және алдын алу шараларының тиімділігі ерекше маңызға ие.

Жиында ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын қоғаммен серіктестікте жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, аталған тұжырымдама құқық бұзудың алдын алудың тұтас экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл жүйенің негізгі элементтері ретінде ерте ескерту тетіктері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қауіпсіздік инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.

Сондай-ақ отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасарлары Аида Балаева мен Жаслан Мәдиев, қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Оның шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыру көзделеді. Бұл ретте басты назар ерте алдын алу шараларына, цифрлық технологияларды енгізуге және құқықтық мәдениетті арттыруға аударылып отыр.

Жиында атқарылған нақты жұмыстар да кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, 2026 жылдың 2 наурызынан бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң күшіне енген. Бұл заң профилактикалық жүйені жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін нақтылай түсті.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ұялы байланыс абоненттерін биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілді. Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясына қол қойып, халықаралық ынтымақтастықты күшейтті.

СТАЛКИНГ ЖӘНЕ МӘЖБҮРЛІ НЕКЕ

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында да бірқатар маңызды шара қабылданған. Атап айтқанда, арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, агрессорларға психологиялық көмек көрсету ережелері енгізілді. Былтыр шамамен 1 мыңға жуық азаматқа психологиялық түзету шаралары тағайындалған.

Сонымен қатар сталкинг және некеге мәжбүрлеу әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл қоғамдағы әлеуметтік қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында электрондық бақылау білезіктері қолданылып, бұрын сотталған азаматтардың мінез-құлқына бақылау күшейтілді. Бұл тәсіл рецидивтік қылмыстардың алдын алуда тиімді құрал ретінде қарастырылып отыр.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, аталған жаңа форматтар мен заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде елдегі қылмыс деңгейі өткен жылы 6 пайызға, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 9 пайызға төмендеген.

Сонымен бірге, отырыста Ержан Саденов бірқатар өңірлерде шешімін күтіп тұрған инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Абай облыстарында полиция пункттерін салу және жаңғырту, жол қозғалысы ережелерін автоматты тіркеу жүйелерін енгізу, байланыс инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігі айтылды.

Үкімет отырысында «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру – тек құқық қорғау жүйесінің емес, бүкіл мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің негізгі бағыты ретінде айқындалды. Бұл бастама елдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және цифрлық технологиялар арқылы алдын алу жүйесін жаңа сапалық деңгейге шығаруға бағытталып отыр.

Кеңес барысында Премьер-министр көші-қон мәселелері нақты әрі түсінікті реттеуді талап ететінін атап өтті.

Қазақстан шетелдік жұмыс күші үшін тартымды ел бола түсуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанды талантты адамдарды тартатын, яғни білімді әрі ауқатты адамдар жұмыс істеуге, бизнес жасау үшін келетін орынға айналдыру міндетін қойып отыр. Бұл көші-қон саясаты мәселелеріне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Біз бұл салада тәртіп орнатып, барлық мүдделі тараптарға түсінікті нақты «ойын ережелерін» орнатуымыз керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еңбек министрлігіне Экономика, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанға сұранысқа ие мамандарды тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне Сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағытта белсенді үгіт-насихат науқанын жүргізу тапсырылды. Көші-қон саласында тәртіп орнату мақсатында бірқатар шара қабылданып жатыр. Атап айтқанда, қызмет көрсету үшін де, құқық бұзуды анықтау үшін де қолданылатын ЖИ технологиялары арқылы заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Тұрақты тұруға рұқсат алуға қойылатын талаптар күшейтілді. Заңға бағыну мінез-құлық қағидаты енгізілді, оған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзу және қылмыстық теріс әрекеттердің болуы тұрақты тұруға рұқсат алуда бас тартуға негіз болады. Сонымен бірге өтініш берушілердің қаржылық тұрақтылығына және олардың қоғамға интеграциялануына қойылатын талаптар күшейтілді. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл елімізде шетелдіктерді заңдастырылған 5 заңсыз көші-қон арнасы жойылды. Сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа өтініш беру кезінде қос азаматтық алуға байланысты тәуекелдер мәселесін шешу үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, реттеудің қосымша тетіктерін, оның ішінде скоринг, тестілеу және өңірлік бөлу элементтерін сынақтан өткізуде. Жұмыспен қамтудың цифрлық платформалары қызметін реттеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр әкімдіктер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыс берушілер арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға өтініштерді уақтылы беру мәселелері бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет екенін атап өтті. Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамту саласындағы агрегаторларды шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын сақтауға міндеттейтін шаралар қабылдау тапсырылды. Премьер-министр еңбек көші-қонын реттеудегі экономикалық кедергілерді жою қажеттігін айта келе, алымдар мен айыппұлдар арасындағы теңгерімсіздікке байланысты жұмыс берушілерге жұмысшыларды заңды түрде рәсімдегеннен гөрі айыппұл төлеу тиімдірек екенін атап өтті.

Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері қызметін реттеу, оның ішінде Бірыңғай мемлекеттік тізілім құру және нарыққа қолжетімділік өлшемшарттарын енгізу жөніндегі шаралар қосымша пысықталуда. Сондай-ақ шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын бақылау жүйесі енгізілуде, бұл алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Пәтерлерде нақты тұрмаса да адамдарды жаппай тіркеу мәселелері көтерілді. Астана қаласында тіркеу нормасы бойынша шектеу енгізілген – отбасы мүшелерін қоспағанда, бір адамға кемінде 15 шаршыметрден келуі тиіс. Ішкі істер министрлігіне мұндай тәсілдерді өңірлерде де енгізу ұсынылды. Уәкілетті органдарға үшінші тұлғаларды жалған тіркеуден бас тарту құқығын беру ұсынылады. Жыл сайын 8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік иесі азаматтарды жалған тіркегені үшін ұсталады. Мекенжайларды тіркеу кодтарының (МТК) дұрыс берілмеу мәселесі атап өтілді, яғни іс жүзінде тұтас тұрғын кварталдарына бір ғана код берілуі салдарынан халықты есепке алу деректері бұрмаланып, бұзушылықтарды анықтау қиынға соғуда. Сондай-ақ барақ үлгісіндегі жалға берілетін тұрғын үйлердің бақылаусыз жұмыс істеуі мәселесі көтерілді. Мұндай нысандар ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде жатақхана ретінде пайдаланылып, бұл құқықтық тәртіп тұрғысынан да, инфрақұрылымға да жүктеме түсіруде. Ішкі істер министрлігіне Әділет және Жасанды интеллект министрліктерімен бірлесіп, «көлеңкелі» қызмет көрсететін тұрғын үй иелерінің құқықтарын шектеу үшін цифрлық тосқауылдар белгілеу бойынша ұсыныстар қарастыру тапсырылды. Өңірлер әкімдері жалға беру үшін тұрғын үйдің барак үлгісіндегі объектілерді ретке келтіру және жылжымайтын мүлік объектілерінің тіркеу кодтарына ревизия жүргізу тапсырылды.

ӨҢІРЛЕР ҮШІН БАСЫМ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жиында өңірлер үшін бірқатар нақты міндет айқындалғанын айтты.

Ең алдымен, азаматтарды жалған тіркеу фактілеріне бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, «тығыздалған» немесе «резеңке» деп аталатын пәтерлер арқылы заңсыз тіркеу жасау жағдайлары құқықбұзушылық тәуекелін арттыратын факторлардың бірі ретінде бағаланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.

Сонымен қатар көші-қон мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл ретте теңгерімді тәсіл маңызды: бір жағынан заң талаптарының сақталуын қатаң бақылау және құқық бұзған тұлғаларға қатысты шараларды күшейту, екінші жағынан – өңір экономикасы үшін қажетті білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау.

Отырыста интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі де қаралды. Бұл – халықты алаңдататын өзекті проблемалардың бірі. Сондықтан алдын алу шараларын күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүйелеу және заманауи цифрлық қорғаныс тетіктерін енгізу қажеттігі айтылды.

Жалпы алғанда, құқық бұзудың алдын алу тиімділігін арттыру, бейнебақылау жүйелерін дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту негізгі басымдық ретінде белгіленді, — деді аймақ басшысы.

АНЫҚТАМА

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон динамикасына қарасақ, 2017–2025 жылдар аралығында өңірге 2209 отбасы көшіп келген. Облыс бүгінде қандастар мен еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келушілер үшін тартымды аймақтардың бірі ретінде қалыптасып отыр. Бұл бағытта өңірде «Шығыс шақырады» бағдарламасы іске асырылып келеді. Бағдарлама қоныс аударушыларды бейімдеу, әлеуметтік қолдау көрсету және шекара маңындағы аумақтарды дамытуға бағытталған.

Ресми деректерге сәйкес, қоныс аударушылар құрамында 82 адам жоғары білімді, 110 адам орта білімді, ал 143 адамның кәсіби білімі жоқ. 335 еңбекке қабілетті азаматтың 195-і, яғни 58 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Былтыр қоныс аударушыларды қолдауға мемлекет тарапынан 496 млн теңге бөлінген. Қаражат көшу шығындарын өтеуге, тұрғын үйді жалға алуға және сертификаттық қолдау көрсетуге бағытталды.

Болашақ еңбек нарығының болжамына сәйкес, Шығыс Қазақстанда алдағы жылдары 15 мыңнан астам маманға сұраныс қалыптасады. Қазіргі таңда құрылыс, энергетика, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және әлеуметтік салаларда шамамен 4 мыңға жуық маман тапшылығы бар.

Осыған байланысты өңір әкімі көші-қон үдерістерін бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, Үкімет отырысында көші-қон саясатының негізгі мақсаты – тек халықты тарту емес, келген азаматтардың өңірде тұрақтап, жұмысқа орналасуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау екені айтылды.

Тегтер: F16Бектеновқұқық бұзудың алдын алуҮкіметҮкімкетШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуға тиіс - Аида Балаева

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23
Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған