Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды F16.kz.
Мемлекет басшысының қолынан мектеп мұғалімдерімен бірге колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар да марапат алды.
Айта кетейік, марапаттау рәсімі бүгін Президенттің қатысуымен өткен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы кезінде болды.




