Елімізде бір адамға тәулігіне 140 литр су нормасы бекітілді. Тіршілік нәрін осы мөлшерден артық пайдаланған тұтынушы қатасынан артық ақша шығаруға мәжбүр болады, деп хабарлайды F16.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бір адамға тәулігіне 140 литр су пайдалану нормасын бекітті. Бұл мөлшерден асқан жағдайда тариф 30%-ға қымбаттайды. Осыған дейін өңірлерде су бағасы әртүрлі есептелген және мемлекет тарапынан субсидия беріп келген. Бұл бюджетке айтарлықтай салмақ түсірді. Сондықтан осындай шектеу енгізіліп отыр.
Министрлік өкілдері 140 литр су бір адамның күнделікті қажеттілігіне жеткілікті екенін айтады. Сарапшылардың есебіне сүйенсек, қазақстандықтар қазір орта есеппен 100–120 литр тұтынады. Демек жаңа норма халыққа ауыр тимейді, бірақ суды үнемдеуге үйретеді.
Биылғы 13 қыркүйектен бастап әр литр су есепке алынып, артық пайдаланғандар қосымша ақы төлейтін болады.




