F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бір көл, екі түрлі жағажай: Шалқар туралы шындықты білгіңіз келсе

F16 F16
17.07.2025, 11:23
Жаңалықтар, Ұлан
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Шығыс Қазақстан облысының Сібе көлдеріне ағылған туристер легі жылдан-жылға арта түскен. Жиыны 200-ден астам демалушыға шақталған Шалқар көлінің муниципалды жағажайында демалыс күндері адам қарасы мыңға жетіп жығылады, деп хабарлайды F16.kz.

Жағажай директоры Мадина Болатқызы кісі аяғы көбейсе барлық жерде ұзын-сонар кезек басталатынын айтады.

Кейінгі уақытта сенбі, жексенбіде мұнда келетін туристер саны мыңға таяп жүр. Ал бұл жағажай 100-150 адамға ғана арналған. Яғни он есе артық жүктемемен істеп тұр. Демалушылар көбейсе дәмханада, киініп шешінетін кабиналарда, тіпті әжетханаға дейін кезек болады. Жағалаудан ине шаншыр орын таппайсыз. Әлеуметтік желіде халық шағымданып жатыр. Жуықта облыс әкімінің бірінші орынбасары келіп, жағдайды көрді, мәселені шешу жолдарын қарастырды. Енді жаңадан жоба жасалып, жағажайды кеңейту қолға алынады, – деді ол.

Муниципалдық жағажай директорының айтуынша, жаңа жобаны жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде жеке кәсіпкерлер жағажайдан арнайы орын алып, этноауыл тұрғызып, киіз үйлерді қаз-қатар тізіп қойған. Жағалауға құм төгіліп, абаттандыру жұмысы жүргізілген. Демалушылардан кейін қалатын қалдықтар уақтылы шығарылады. Көлденең жатқан қоқыс көзге шалынбайды. Туристер дән риза. Көрші Қарағанды облысынан келген Әсет Әмірбеков Сібе көлінің жағасына алғаш рет табаны тиіп тұрғанын айтты.

Отбасыммен Қарағандыдан келдім. Зайсанға күйеу баламын. Сібе көлдерін бірінші рет көріп тұрмын. Табиғаты керемет екен және Өскеменнің іргесінде. Жалпы, қазақ даласының қай пұшпағы да ғажап қой, соны бағалап, өзіміздің өлкеде демалу керек. Өзіме бұл жер ұнады, жыл сайын келемін енді, – деді қарағандылық мейман.

 

1 - 6
- +

Шалқар жалғыз болғанмен жағажай бірнешеу мұнда. Муниципалды жағажайдан бөлек, адамдар суға шомылып, демалатын тағы да бірнеше орын бар. Өкініштісі бұл жағалаулардың жағдайы көңіл көншітпейді. Әлеуметтік желіге бейнежазба салып, шағым айтатындардың дені осы жақтан табылады.

Биыл екінші рет келіп тұрмын. Қонақтарды әкелдім. Былтыр көлікпен кіргенге 1 мың теңге алатын, жаңа 2 мың теңге төледім. Қымбаттатып жіберіпті. Бірақ ешқандай жағдай жоқ. Қоқыс төгетін бір жәшік қойған. Ол жеткіліксіз, жылдам толып қалады. Аузы-мұрнынан шығып, мүңкіген иісі мұрныңды жарады. Ал дәретханасын айтпай-ақ қойдым. Есігі жабылмайды, іші былыққан. Қысқасы, жағдай жасалмаған. Ақша алған соң дұрыстап қойса болады ғой, – деді өскемендік Досымбек Әлтайырұлы.

Бұл жағажайда бірнеше шатыр қойылған екен, бірақ ақылы. Бір шатырды жалға алу бағасы – 10  мың теңге. Ал муниципалды жағалауда шатырды тегін алуға болады.

 Бір көл, екі түрлі жағажай. Бір қызығы демалушылардың дені муниципалды жағажайда бәрі тегін әрі жайлы екенін білмейтін сияқты. Сондықтан да болар біраз жұрттың қиыр жайлап, шет қонып жүргені…

 

1 - 6
- +
Тегтер: F16Сібе көлдеріТуризмҰлан ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған