F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бір көшенің тұрғындары Наурызды тойлады — Өскемен

F16 F16
25.03.2026, 12:46
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменнің Күленов кентінде ерекше Наурыз өтті. Ерекшелігі сол, Ұлыстың ұлы мейрамын Әлия Молдағұлова көшесінің тұрғындары бір кісідей жұмылып, жоғары деңгейде ұйымдастырды, деп хабарлайды F16.kz.   

Шығыстың бас шаһарында Наурыз мейрамы референдумнан кейін бірден басталып кетті. Наурызнама онкүндігі аясында қаланың әр ауданында күн сайын көктем мерекесі тойланып, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Ал 22 наурызда Республика алаңында негізгі мерекелік шара өтті. Бұл күні 5 мыңнан астам адам домбырамен «Ақбұлақ» әнін шырқап, дүниежүзілік рекорд жазды.

Фото: F16.kz

Облыс орталығындағы салтанатты жиын Әлия Молдағұлова көшесінде жалғасын тапты. Жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасында биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған Наурыз мейрамына қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев қатысты.

Биыл қаламызда әз-Наурыз ерекше өтіп жатыр. Сіздер де осындай Ұлыстың ұлы күнінде үшінші жыл қатарынан жиылып, береке-бірліктеріңізді көрсетіп, жастарға үлгі болып жатырсыздар. Бұны қаланың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз деп білемін. Күні кеше Өскеменде рекорд жазылғанына куә болдыңыздар және оған өздеріңіз де атсалыстыңыздар. Бүгінгі Наурыз тойы құтты болсын. Қазіргідей аласапыран заманда еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Балаларымыз бақытты, қарияларымыз аман болсын! Баршаңызда ұлық мерекемен құттықтаймын, – деді Болатбек Мамарбаев.

Фото: F16.kz

Молдағұлова көшесінің тұрғыны, ардагерлер бастаушы ұйымының төрағасы Сабыр Оспанов мерекені өткізуге жергілікті жұртшылық ұйытқы болып, әр шаңырақ ақша жинағанын атап өтті.

Бабаларымыз ғасырлар бойы тойлап келген мерекені осы көше тұрғындары биыл үшінші жыл атап өтіп жатырмыз. Тұрғындар шамасы келгенше ақша жинады. Киіз үй құрып, дастархан жайдық. Мұндағы мақсатымыз – қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жастарға үлгі-өнеге көрсету. Қазір бір жаманы, қалада тұрғындар көршісін танымайды, бір-бірімен араласпайды. Олай болмау керек. Қазақта «көршіні құдай қосады» деген сөз бар. Осындай шаралар арқылы біз адамдардың береке-бірлігін арттырып, ынтамақты дәріптеуге тырыстық, – деді Сабыр Оспанов.

Мереке күні осы маңдағы алаңқайда сахна орнатылып, киіз үйлер тігілді. Қазан көтеріп, сарқылдатып самауыр қайнатты. Қонақтар мен тұрғындар ұлттық тағамдарға толы дастарханнан дәм татып, наурызкөже ішіп, бір-бірін құттықтап мәз болды. Өскемендік өнерпаздармен бірге Молдағұлованың тұрғындары да сахнаға шығып, ән салды, би биледі. Ақсақалдар бата беріп жарысты, жастар гір көтерді, қол күрестірді. Қой көтеру сайысына тек көше тұрғындары қатысты. Сайысқа түскендердің алды 40 келілік қапты 60 рет көтеріп, бәйгеге тіккен қойды жеңіп алды.

Тегтер: дәстүрнаурызӨскеменҰлыстың ұлы күні
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған