Бұған дейін хабарлағанымыздай, 9-10 қазан күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» этноаумағында «Шығыс салбурыны-2026» І Азия кубогі өтеді. Сонымен қатар бұл күні белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Концерттік бағдарлама 10 қазан күні сағат 13:00-де басталады. Ұлттық музыкалық мұраны дәріптеп жүрген Joshy Qazaq National Group этно-фольклорлық ансамблі, сондай-ақ Тұрар Ыдырыс, Қазыбек Әдікей Нығыметбек сынды танымал әншілер кеш көрігін қыздырады.
Біз бұған дейін 10 қазанда Өскеменнен Бозанбайдағы арнайы автобустар қатынайтынын жаздық.




