Облыс орталығында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында донорлық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Акция 6 наурыз күні облыстық қан орталығында (Көкжал Барақ көшесі, 11) сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін (түскі үзіліссіз) өтеді.
6 наурыз күні қан орталығында тек әйелдерді ғана емес, ер азаматтарды да күтеміз, олар да акцияға қатыса алады. Нәзік жандылар үшін серіктестеріміз арнайы сыйлықтар дайындады, – делінген хабарламада.




