Шығыс Қазақстан облысындағы 360-қа жуық елді мекеннің тең жартысында бас жоспарды жаңарту керек. Бұл туралы облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Заңнамаға сәйкес, бас жоспарлардың есептік қолданылу мерзімі – 15-20 жыл. Қазір өңірдегі 100-ден астам елді мекен жоспарының уақыты өтіп кеткен. Оларды түзету қажет. Облыстың алты бас жоспарының екеуі цифрландырылып, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасына енгізілді. Былтыр егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен біріктірілген ауылдық елді мекендерді дамытудың 22 бас жоспары әзірленді, — деді Акрамов.




