Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты, деп хабарлайды F16.kz.
24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.
Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда.
Шығыс Қазақстан облысында акцияға «Волна», «Колос», «Самал», «Керуен» супермаркеттері, «ТНП», «Фараон», «Император», «Гостиный двор», «Технодом» сауда орталықтары қатысып жатыр.
Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды. Онлайн форматта да бірқатар танымал платформалар қосылды: Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi Магазин түрлі тауарлар санатына 58% дейін жеңілдік ұсынады.




