F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елдің бәрі ет алды: Өскеменде мерекелік жәрмеңке қалай өтті?

F16 F16
25.10.2025, 12:08
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін, 25 қазанда Өскеменнің «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңке Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылғандықтан көпшілікке ұсынылған азық—түліктің бағасы нарықтағыдан әлдеқайда төмен болды, деп хабарлайды F16.kz.

Катонқарағайдың балы мен қымызы, Тарбағатайдың еті, Зайсанның тарысы, Ұланның сүті, Глубокое мен Алтайдың бақша өнімдері молынан саудаланды. Базаршылап келген қалың жұрт мерекелік жеңілдікпен сатылған арзан азық-түлікті түске дейін-ақ түгесіп тастады.

 

1 - 7
- +

Ет алдық 25 келідей. Қазір картоп, пияз, сәбіз сатып аламыз. Сенбі сайын келеміз. Бағасы көңілге қонымды. Бүгін мерекеге байланысты тағы да түсіріпті бағаны. Cиыр етінің келісін 3000-3200 теңгеден сатып жатыр, семіз екен. Жаңа сойылған жас малдікі. Жалпы, біз сияқты жалғыз зейнетақыға күн көріп отырған қарияларға ет пен сүтке жеңілдік жасаса жақсы болар еді. Әйтпесе қазір бәрі қымбат, түкке жетпейді. Әйтеуір жәрмеңкеден керек дүниемізді саудаласып, түсіртіп аламыз. Соған шүкір, – деді Күршім ауданынан көшіп келген Өскемен тұрғыны, зейнеткер Гүлжамал Нұрсолтанқызы.

Гүлжамал қария сияқты ет алған елдің қарасы көп болды бұл күні. Қыр астында қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Соғым уақыты таяп қалды. Күзгі семіз малдың етін қолайлы бағада ұсынып тұрғанда неге алмасқа? Мұндай мүмкіндік бола бермейді.

Мерекелік жәрмеңкені ұйымдастырған Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері бұл күні азық-түліктен бөлек халыққа қажетті басқа да тауарлар жеңілдікпен сатылып жатқанын айтты. Мәселен, Сауда және интеграция министрлігінің «Republic Day» ауқымды сауда акциясы аясында азық-түлік емес тауарларға 10%-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылды. Оның ішінде киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, жиһаз, үйге, жөндеуге және құрылысқа арналған тауарлар төмендетілген бағада саудаланды. Арзандатылған тауарлар «ТНП» құрылыс дүкенінде, «Фараон» жиһаз салонында және басқа да сауда орындарында ұсынылды.

Тегтер: F16МерекеӨскеменРеспублика күніШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған