F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ерлан Қошанов Шығыстағы «Лу Бань шеберханасының» жұмысымен танысты

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
09.07.2025, 11:20
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Ерлан Қошанов Шығыстағы «Лу Бань шеберханасының» жұмысымен танысты

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға барып,  «Лу Бань шеберханасының» жұмысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.  

Онда студенттер озық автомобиль технологияларын зерттейді, соның ішінде электромобильдерді жөндеу және пайдалану, көлік ағынын басқарудың цифрлық шешімдерін енгізу бойынша білім алады. Аталған шеберхана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 2023 жылғы мамырда Сианда өткен «Орталық Азия – Қытай» саммиті барысында қол жеткізген уағдаластықтары аясында ашылды.

«Лу Бань шеберханасы» арқылы біз әлемдік технологияларды елге әкеліп, жастарды болашақ техникалық жоғары кәсіби мамандықтарға даярлаймыз. Мұнда оқыған түлек – ертеңгі күні өндіріс орнында дайын инженер, автосервис маманы, механика саласының шебері болып шығады. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Еңбек адамы – экономиканың басты тірегі» деген сөзінің іс жүзінде орындалуы. Міне, Өскемен қаласында ашылған «Лу Бань шеберханасы» – осы стратегиялық бағыттың нақты жемісі, – деді Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, Шығыстың бас шаһарындағы бұл шеберхана әзірге Қазақстан бойынша жалғыз. Екінші шеберхана биыл күзде Астанада, үшіншісі Алматыда ашылады.

Мұнда Қазақстанның және өзге де 12 елдің 400-ден астам студенті көлік техникасымен, электромобильдермен, гибридті қондырғылармен, цифрлық платформалармен және жасанды интеллектпен байланысты бағдарламалар бойынша білім алады. Дайындық бакалавриаттан бастап докторантураға дейінгі барлық деңгейде жүргізіледі, ал оқытушылар жыл сайын Тяньцзиньде тағылымдамадан өтеді.

Өз кезегінде, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылы тамызда іске қосылатын «Smart Driving Technology» инжиниринг орталығының жобасын таныстырды. Орталық автопилоттау, жасанды интеллект және телематика жүйелерін әзірлеумен және тестілеумен айналысады. Зерттеулерден бөлек, мұнда отандық Allur, Astana Motors компанияларының  инженерлері мен әзірлеушілеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын, тренингтер өткізу жоспарлануда. Жаңа орталық интеллектуалды көлікті дамыту саласындағы еліміздің ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін нығайтады.

 

Тегтер: БілімЛу Баньмәжіліс депутатыӨскеменШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған