Өскемендік тұрғындар қаладағы басты көпірдің ой-шұңқырлы жолына жиі шағымданады. Қала әкімдігі жолын жөндегенімен, біраз күнде бәз-баяғы қалпына қайта оралады. Кеше түнде көпірде кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Жолдағы терең шұңқырлар толықтай жойылды. Сондай-ақ көпірдің екі жағында да кішігірім жөндеу жұмыстары аяқталып, жол жабыны қалпына келтірілді, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ертіс көпіріне жазда күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
Оған дейін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырлар бітеліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.




