Өскеменде Ертіске шомылуға барған бозбала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Оқиға 27 шілде күні болған. Ертіске шомылуға барған 2006 жылғы жас жігіт хабар-ошарсыз кетті. Құтқарушылардың болжамы бойынша, ол суға батып кетуі мүмкін.
Ол «Самал» саябағындағы жағажай сыртында, рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жүрген, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір құтқарушылар жоғалған бозбаланы іздестіріп жатыр.




