F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еуразия университетінде жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

F16 F16
03.02.2026, 16:51
Жаңалықтар, Заң, Қоғам
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті.

Іс-шара аясында сарапшылар конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың институционалдық мазмұнын және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне ықтимал әсерін қарастырды. Ерекше назар қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында конституциялық нормаларды жаңарту мәселелеріне аударылды.

Талқылауға жетекші ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары, сондай-ақ ЕҰУ-дың оқытушылары мен докторанттар қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Камзабекұлы, ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасилов, Қоғамдық саясат институтының директоры, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Мәдина Нұрғалиева, сондай-ақ «Қазақстан қоғамдық даму институты» АҚ басқарма төрайымы, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жұлдызай Ысқақова баяндамамен шықты. Кездесуге ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов модераторлық жасады.

Талқылау барысында сарапшылар ұсынылып отырған өзгерістер конституционализм қағидаларын нығайтуға, билік тармақтары арасындағы байлансты арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Жаңартылған Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық механизмдерінің маңызы ерекше сөз болды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев бұл құжат елімізде кең көлемде талқыланып жатқан маңызды бастама ретінде көрініп отырғанын, ол мемлекеттік институттық құрылымға да, қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздеріне де әсер етіп, Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңін анықтайтынын жеткізді.

Ел көлемінде қызу талқыланып жатқан бұл құжатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы әрі заңды қорытындысы ретінде қарастырған жөн. 2022 жылғы референдумнан кейін басталған конституциялық жаңғырту үдерісі 2026 жылы жаңа Конституция қабылдауға бағытталған ауқымды ұсыныстармен жалғасып отыр, — деді спикер.

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Камзабекұлы егер негізгі Заңға 84% өзгерістер енгізіліп жатса, бұл елдің дамуының қажеттілігі ретінде қабылдануы тиіс екенін және жаңарту өзгерістер саны бойынша емес, олардың концептуалдық мазмұны бойынша бағаланатынын атап өтті.

Конституция жобасында мемлекеттілікті нығайту, мыңжылдық тарихи сабақтастықты сақтау, шекара мен ел аумағының тұтастығы, әділетті қоғам құру мәселелері нақты көрініс тапты. Әділеттілік бағыттары анықталды, мәдениет, білім және ғылымның құндылығы нақты көрсетілді. Сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау мәселелері және еліміздің дамуы үшін қажетті көптеген басқа маңызды идеялар қамтылды, — деді ғалым.

ЕҰУ-дың Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасилов Конституция жобасының преамбуласының маңызды рөліне тоқталды:

Преамбула көлемді болмаса да, оны Конституцияның философиясы деп атауға болады. Ол Конституцияның негізгі түйінін айқындайды. Преамбулада ел алдында тұрған көптеген мәселелер көрсетілген. Ең алдымен онда адам құқықтарын қорғау мақсаты белгіленген. Екіншіден, қазақ халқының қазақ жеріндегі байырғы мемлекеттердің дәстүрін сақтауы қажеттігі атап өтілген. Мен бұл үлкен жетістік деп санаймын, — деді сарапшы.

Конституциялық реформа комиссиясының мүшелері – Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева мен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ЖШС басқарма төрайымы Жұлдызай Ысқақова комиссияның жұмыс үдерісі қалай ұйымдастырылғанын айтып берді.

Талқылау барысында отбасылық және некелік мәселелерге ерекше назар аударылды, бұл қатысушылар арасында жандана түскен пікірталас тудырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қоғамдық-саяси реформалардың негізгі бағыттарын талқылауға сарапшылық қоғамдастықты тартудың өзектілігі мен маңыздылығы дәлелденді. Сонымен қатар, пікірталас қорытындысы бойынша Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне ұсынымдар берілді.

Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы да өткізілді.

Тегтер: TopбилікЕҰУЗаңКонституциялық реформақұрылтайРеформасаясатХалық кеңесі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған