Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.
Философия ғылымдарының кандидаты.
- 1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.
- 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
- 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
- 2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
- 2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
- 2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
- 2016–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.
- 2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
- 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
- 2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
- 2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.
- 2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
- 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.




