Елімізде республикалық JARQYRA кастингі басталады. Ауқымды жобаға іріктеу биылғы 15 қыркүйекте сағат 11.00-ден 19:00-ге дейін бір мезетте Қазақстанның 19 қаласында, мәдениет мекемелерінің базасында өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, жобаның мақсаты – аймақтардағы таланттарды анықтап, оларды отандық киноиндустрияға тарту.
Кастингтен сәтті өткен қатысушылар Орталықтың актерлік базасына енгізіліп, болашақ кино жобаларға қатысуға үміткер бола алады.
Іріктеуден өткен кандидаттар туралы деректер Орталықтың ресми сайты: www.kazakhcinema.kz порталының онлайн актерлік базасына тіркеледі. Осы жерден продюсерлер мен кинокомпаниялар таланттарды табады.
Мұндай жобалар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек.




