Қазгидромет мәліметінше, биыл қазан айы қалыпты деңгейден жылы болды. Өңірлердің басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғарылайды. Бірақ бұл дөңгелек ауыстыруды қарашаға дейін созуға болады деген сөз емес.
Жазғы дөңгелектер шамамен +7 градустан жоғары температурада жүруге арналған. Температура бұдан төмендегенде, резеңкенің құрамы «қатып», ілінісу сапасы нашарлайды, соның салдарынан асфальтта тежеу жолы айтарлықтай ұзарады.
Қысқы дөңгелектерді орташа тәуліктік температура тұрақты түрде +5…+7 градусқа және одан төмен түскенде, сондай-ақ түнгі уақытта үнемі үсік жүріп, тұман, көктайғақ болып, жылбысқы қар мен жолды қар басқанда салу қажет.
Бірқатар өңірде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы да бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Қысқы дөңгелекті қазірден бастап салу қажет, әсіресе шығыс және таулы аудандарда.
Екінші онкүндікте түнде -2…-7-ден +1…+6-ға дейін, күндіз +2…+7-ден +11…+16-ға дейін. Үшінші онкүндікте түнде -2…-7-ге дейін, күндіз +2…+7, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Таулы аудандарда үшінші онкүндікте түнде температура -12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.




