F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қала іргесіндегі қауіп. Өскемендегі қоқыс полигонының жай-күйі

F16 F16
27.01.2026, 10:06
Жаңалықтар, Өскемен, Фоторепортаж, Экология
Фото: Tereze

Фото: Tereze

Өскеменнің іргесіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 1957 жылы ашылған.  Қолданылу мерзімі 2020 жылы аяқталған қоқыс орны қазір аузы-мұрнынан шыға толып, қоршаған ортаға залал келтіріп жатыр. Полигон маңындағы елдімекен тұрғындары жағымсыз иістен, шашылған қоқыс пен өртенгенде төңіректі бүркейтін қалың түтіннен әбден зәрезап болғанын айтады. «Ең қиыны — ауызсудың ластануы» дейді жергілікті жұрт. Tereze журналистері тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, таспаға түсірді.

Қаланың қоқыс полигоны. Құс биігінен қарағандағы көрініс. Полигонды айнала Орман шаруашылығы, Красин, Шмелев лог, Степное, Ушанов қатарлы ауылдар мен бірнеше саяжай бірлестігі орналасқан.

Фото: Tereze

Көкжиекте көрініп тұрған бұл ауыл — Орман шаруашылығы. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, полигонның санитарлық қорғау аймағы — 500 метр. Қазір қоқысқа ең жақын тұрғын аудан учаске шекарасынан 300 метр жерде орналасқан. Ал қоқыс көміліп жатқан нақты аумақ пен ең жақын тұрғын аймаққа дейінгі арақашықтық — 538 метр.

Фото: Tereze

Экология департаменті жүргізген тексеру барысында полигонда қалдықты қабылдау және бақылау дұрыс жүргізілмейтіні анықталған. Атап айтқанда, қалдықтар толық есепке алынбайды, қауіптілігіне қарай бөлек қабылданбайды. Соның салдарынан оларды залалсыздандыру немесе қайта өңдеу қиындайды, тиімділігі төмендейді және қоршаған ортаға зиян келу қаупі артады. Бұл Экология кодексінің талаптарын бұзу болып саналады.

Фото: Tereze

Қоқыс полигонында тұрмыстық техникадан бастап пластик бұйымдардың түр-түрі, макулатура, құрылыс қалдықтары, автокөлік шиналары мен басқа да заттар толып жатыр.

Фото: Tereze

Өскемен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қатты қалдықтар полигонына жыл сайын шамамен 65 мың тонна қоқыс төгіледі. Ал полигон ашылғалы жиналған қоқыс көлемі  7 млн тоннаға жуықтайды.

Фото: Tereze

Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің мәліметінше, 2023 жылы жазда болған өрт кезінде желге қарсы бағытта ауадағы формальдегид мөлшері рұқсат етілген ең жоғары концентрациядан алты есе асып кеткен. Осы жағдайға байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 324-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған.

Фото: Tereze

Орман шаруашылығы ауылына апаратын жолдың қос қапталы қалың тал-терек. Жел ұшырған целлофан пакеттер төңірекке шашылып, ағаштардың басына ілініп қалған.

Фото: Tereze

Біз полигонның дәл түбінде тұрғандықтан, құдықтың суы сап-сары, ішуге жарамайды. Жеміс егуге де келмейді, өспейді. Жазда мүңкіген күлімсі иістен тысқа шыға алмай қаламыз. Жел ұшырған целлофан пакеттер үйдің ауласына дейін шашылады. Одан қалса қоқыс өртенеді, — дейді саяжай тұрғыны Альмира Омарбекқызы.

Фото: Tereze

Cаяжайда орталыққа қосылған ауызсу желісі жоқ. Әркім өз ауласынан құдық қаздырып алған. Бірақ оның суы ішуге жарамайды. 2-3 жыл бұрын СЭС келіп тексеріп, ішуге жарамайды деді. Өйткені іргемізде қоқыс, бергі жағы — шошқа қора, мына жерде — зират. Жоқ болған соң қараймыз ба, іштік. Мына суды кейінгі екі-үш жылда ғана тасып жүр, — дейді саяжай тұрғыны Мырзахмет Жұмағұлов.

Фото: Tereze

Су алып тұрған саяжай тұрғыны. Бұл елдімекендерге ауызсу аптасына екі рет арнайы көлікпен тасымалданады.

Фото: Tereze

Өскеменнің қоқыс полигонында арнайы экран қабаты болмаған соң улы заттар жаңбырмен бірге топыраққа сіңіп, жерасты суын ластайды. Ал олардың ішінде мырыш, мыс, марганец, сынап, қорғасын, күшәла бар. Жақын маңдағы елдімекен тұрғындары суды ұңғымадан (құдық — ред.) немесе бастаудан алып ішсе, бұл улануға, жұқпалы аурулардың таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Себебі қоқыс полигонында қауіпті заттар ғана емес, ауру тудыратын микрофлора да болады, — дейді тәуелсіз эколог Дәулет Асанов.

Фото: Tereze

2025 жылы қалдықтар полигонына қоқыс көмуге рұқсат беру уақыты аяқталды. Қазір жаңа полигонға жер телімін қарастырып жатырмыз. Ол Ұлан және Глубокое аудандарының бірінің аумағында салынуы мүмкін. Жаңа полигон барлық талапқа сай жұмыс істейді. Аумағы қоршалады. Бақылау бекеті, салмақ өлшеу орны, техникаға арналған бокстар, қоқыс сақтайтын ұяшықтар болады. Үлкен шұңқыр қазылып, қалдықтар жерасты суын ластамау үшін геомембрана қабаты төселеді. Қоқысты сұрыптау, өңдеу технологиясына ерекше назар аударылады, — дейді Өскемен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев.

Фото: Tereze

 

 

Тегтер: F16ауызсуқоқыс полигонықоршаған ортаӨртӨскеменТабиғатФоторепортажЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00
ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері марапатталды – ШҚО

07.07.2026, 10:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған