Елімізде «Қауіпсіз көше» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Енді шаһар көшелерінде бақылау күшейіп, рейд жүргізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Профилактикалық шараның негізгі мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды тұрақтандыру, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, халық арасында заңсыз әрекеттердің алдын алу жұмысын күшейту.
Іс-шара барысында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, жол қозғалысы ережелерін бұзу, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады, – делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының хабарламасында.




