F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қала мен ауылды жақындатқан жәрмеңке

Madina Kainarova Madina Kainarova
15.12.2025, 16:13
Әлеумет, Жаңалықтар
Фото: F16

Фото: F16

Өскемен қаласында ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері бүгінде қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бұл жәрмеңкелер – тек сауда орны ғана емес, ауыл мен қаланы жақындастыратын, халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей ықпал ететін маңызды алаң. Жергілікті билік пен аудан әкімдіктерінің қолдауымен өткізілетін бұл шаралар тұрғындарды табиғи, сапалы өніммен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауды және қаладағы азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтауды көздейді.

F16.kz сайты осы тұрақты түрде әр сенбі сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің халық үшін маңызын үнемі назарда ұстап келеді

Жәрмеңкелердің негізгі ерекшелігі – өнімнің делдалсыз сатылуы. Ауылдағы шаруа қожалықтары мен фермерлер өздері өндірген ет, сүт, балық, көкөніс, бал, құрт-май, тары-талқан секілді тағамдарды қалаға тікелей әкеліп, тұтынушыға ұсынады. Соның арқасында баға нарықтағыдан төмен, ал өнімнің сапасы жоғары болып отыр.

«АЛТАЙ» – БАС АЛАҢ, ТАҢДАУ МОЛ

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің негізгі алаңы саналатын «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы бұл күндері нағыз ауылдың базарына айналады. Мұнда Зайсан, Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Алтай аудандарынан келген шаруалар сауданың көрігін қыздырады. Ірі қара мен ұсақ малдың еті, жылқы еті, қазы-қарта, жал-жая, үйтілген қойдың басы, аршылған ішек-қарын, Зайсан балығы, сары май, құрт-ірімшік, қатық-қаймақ, тары-талқан – барлығы бір жерден табылады.

Жәрмеңкеге тұрақты келетін тұрғындардың бірі өз пікірін былай білдіреді:

— Жәрмеңкеге үнемі келемін. Қой етінің келісін 3 мың теңгеден алдым, семіз екен. Бағасы базардағыдан әлдеқайда төмен. Халыққа арзан азық-түлік сату үшін өстіп жәрмеңке өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға рахмет. Бұл игі іс жалғасын таба берсін, – дейді өзін Бизада деп таныстырған Өскемен тұрғыны.

Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев жәрмеңкенің мәніне тоқталады:

— «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында аудан шаруашылықтары облыс орталығына 5 тоннаға жуық өнім әкеліп отыр. Оның ішінде 2,5 тонна жылқы еті, 2,4 тонна сиыр еті, 500 келі қой еті бар. Бағалар арнайы бекітілген, халыққа қолайлы. Делдал жоқ, өнім тікелей өндірушіден сатылып жатыр, – дейді ол.

ЖӘРМЕҢКЕ – САУДА ҒАНА ЕМЕС, МЕРЕКЕ

Өскемендегі жәрмеңкелердің тағы бір ерекшелігі – олардың мерекелік форматта өтуі. Саудамен қатар аудан өнерпаздарының концерті ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіледі. Гір көтеру, қой көтеру, қол күресі сияқты жарыстарға жастар да, ересектер де қызығушылық танытады.

Марқакөл, Күршім, Тарбағатай аудандарынан келген өнерпаздар сахнада ән шырқап, жәрмеңкеге жиналған жұрттың көңілін көтереді. Қой көтеру сайысына қатысушылар ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлайды.

Сайыс жеңімпазы Сұлтан Амантай мұндай жарыстардың маңызын атап өтеді:

— Мұндай сайыстар жастарды спортқа баулиды. Халықтың көңілі көтеріліп, бір серпіліп қалады. Жәрмеңкемен бірге осындай ұлттық спорт түрлері де жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ол.

ҚАЛАНЫҢ БЕС АУДАНЫН ҚАМТЫҒАН ҚОЛАЙЛЫ ФОРМАТ

Өскемен қаласы әкімдігінің бастамасымен жәрмеңке тек «Алтайда» ғана емес, бір мезетте қаланың бірнеше ауданында өткізіледі. Ивушка ықшам ауданындағы «Дос-Нар» базары, Защита ауданындағы Теміржолшылар саябағы, Соградағы «Валентина» сауда үйі, Жібек маталар комбинаты аумағындағы «Керуен» сауда үйі – тұрғындарға ең жақын нүктелерде орналасқан сауда алаңдары.

Защита ауданындағы жәрмеңкеге арнайы келген зейнеткер Нұрғалым Мәденов өз алғысын білдіреді:

— Опытное поле ауылында тұрамын. Осы жерде жәрмеңке өтеді дегенді естіп арнайы келдім. Ет алдым. Бағасы біз сияқты зейнеткерлерге әбден лайық, базардағыдан төмен. Жаңадан сойылған жас ет екен. Осындай жәрмеңкелер тоқтап қалмаса екен, – дейді ол.

Согра ауданындағы тұрғындар да жәрмеңкенің пайдасын айтып отыр.

— Соғымға керек етті базардан емес, жәрмеңкеден арзанға алдық. Өнім таза, сапалы. Үшінші апта қатарынан өз ауданымызда өтіп жатқанына қуаныштымыз, – дейді жергілікті тұрғындар.

ХАЛЫҚҚА ДА, ШАРУАҒА ДА ТИІМДІ

Жәрмеңке – ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін де үлкен мүмкіндік. Делдалсыз сауда жасау арқылы шаруалар өнімін тиімді бағада сатады, ал қала тұрғындары арзан әрі сапалы азық-түлікке қол жеткізеді. Күршім, Ұлан, Марқакөл аудандарының кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары бұл бастаманың ауыл экономикасын дамытуға оң әсерін тигізіп отырғанын атап өтеді.

Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға, халықтың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге үлкен үлес қосады. Әсіресе зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан осал топтар үшін бұл – нақты қолдау.

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ИГІ БАСТАМА

Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері сенбі сайын өтетін дәстүрлі шараға айналып келеді. Қала мен ауылды жалғаған бұл алтын көпір халықтың ризашылығына бөленіп отыр. Тұрғындар мұндай жәрмеңкелердің тұрақты түрде, барлық аудандарда жалғасуын қалайды.

Ауылдың дәмі, еңбектің берекесі мен халықтың ықыласы тоғысқан жәрмеңке – Өскеменнің әлеуметтік өміріндегі ең сәтті бастамалардың бірі екені даусыз.

Себебі бұл жәрмеңкелер – қымбатшылық кезеңінде тұрғындарға нақты қолдау болып отырған, ауыл еңбегінің жемісін қалаға тікелей жеткізетін тиімді алаң. Табиғи әрі сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік бағасының тұрақтануына ықпал ету – жәрмеңкенің басты артықшылықтары.

Қала мен ауылды жақындастырып, елдің ынтымағын нығайтатын бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, Өскемен жұртшылығы үшін сенбінің ажырамас дәстүріне айнала беретіні сөзсіз.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

28.04.2026, 17:33
ШҚО-да кішкентай құрылғы 31 баланың өмірін аман сақтап қалған

ШҚО-да кішкентай құрылғы 31 баланың өмірін аман сақтап қалған

28.04.2026, 16:50
Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

28.04.2026, 16:03
Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

28.04.2026, 15:17

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендіктер құқық және қаржы мәселелері бойынша тегін кеңес алды

28.04.2026, 17:33

ШҚО-да кішкентай құрылғы 31 баланың өмірін аман сақтап қалған

28.04.2026, 16:50

Қосылған құн салығының артық сомасын қалай қайтаруға болады?

28.04.2026, 16:03

Тағы бір жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды – Өскемен

28.04.2026, 15:17

Айтыскер ақын Серік Қуанған өзіне ерекше әсер еткен кітаптар туралы айтты

28.04.2026, 15:09

«ШҚО. Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылданып жатыр

28.04.2026, 14:58

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

28.04.2026, 12:55

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

28.04.2026, 11:57

Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

28.04.2026, 11:30

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған