Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 желтоқсанда 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын айқындайтын бұйрыққа қол қойды.
2026 жылға төмендегідей өңірлік квоталар белгіленді:
қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 2 281 адам;
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 5 997 адам.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 24 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 2025 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота 9 653 адамды құрады. Оның ішінде 2 309 адам қандастарға, ал 7 344 адам қоныс аударушыларға арналған.




