Синоптиктердің болжамына сәйкес, қаңтар айында күн райы жылынады. Айлық орташа ауа температурасы республика аумағының барлығында нормадан 1–2°С-қа жоғары болады. Десе де, ай соңында аяз болуы да ықтимал, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының солтүстік-шығысында жауын-шашын нормадан асады.
ШҚО-да алғашқы онкүндікте ауа температурасы -2…-13°С-тан -10…-18°С-қа дейін, күндіз -6…+2°С-тан -2…-10°С-қа дейін болады, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы -25…-35°С-қа дейін, күндіз -15…-20°С-қа дейін төмендейды. Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3°С-қа дейін көтеріледі.




