Бүгін сағат 10.00-ден бастап Согорное-Барлық жолы жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ММ ШҚАПБ филиалының ақпаратына сүйенсек, сағат 10-00-ден бастап Согорное-Барлық жергілікті маңызы бар автокөлік жолының 9-17 км учаскесінде қар көшкіндерін профилактикалық түсіру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған.




