Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қаракөлге апаратын жолды дамыту жөнінде ұсыныс айтты.
Қаракөлдің жолын шекара бекеті арқылы Кіндіктаспен қосу көзделіп отыр. Сонда бұл аумаққа көлікпен жету жеңілдей түседі.
Көпшілікке белгілі, қазір Мұзтауға жету оңай емес. Мұндай сапарға кез келген адамның мүмкіндігі жете бермейді. Жолға 9-10 сағат уақыт кетеді. Сондықтан бұл бастама киелі жерге жетуді жеңілдетіп қана қоймай, өңірдегі туризмнің жаңа бағытын қалыптастыруы мүмкін деген ой айтылды.
Облыс әкімі бүгінгі мәселені шешумен шектелмей, өңірдің ертеңгі мүмкіндіктерін де алдын ала ойластыру қажет екенін атап өтті. Қаракөлге апаратын жолды дамыту – ұзақмерзімді жоспарлардың бірі.




