Ауа райының күрт бұзылуынан Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы жол жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының хабарлауынша, бүгін сағат 14.00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар- РФ шекарасы бағытындағы автокөлік жолының 1103-1256 км (Абай облысының шек арасынан Зайсан қаласыне дейін) учаскесінде барлық көлік түріне қозғалыс щектелді.
Жолды ертең, 10 ақпан сағат 08.00-де ашу жоспарланған.




