Катонқарағай және Зайсан аудандарында құрылысы жүріп жатқан әуежайлар іске қосылғанда билет бағасы қанша болатыны айтылды. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев KursivMedia тілшісіне берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Оның сөзінше, аталған нысандардың құрылысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр және оларды келер жылы қолданысқа беру жоспарланған.
Келер жылдың соңына дейін үш әуежайдың құрылысын толық аяқтаймыз. Зайсан әуежайын келер жазда ашу жоспарланған. Одан кейін Катонқарағай мен Кендірлі іске қосылады, – деді вице-министр.
Сонымен қатар Ластаев бұл бағыттарда жолаушы тасымалдайтын ұшақтарға билет құны қанша болатынын да тілге тиек етті.
Бұл бағыттарға субсидия берілетіндіктен билеттің орташа бағасы шамамен 20 мың теңге аясында болады, – деді ол.
Айта кетейік, Қатонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған.




