F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Катонқарағайда даңқты палуанды еске алуға арналған турнир өтті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
15.07.2026, 17:23
Жаңалықтар, Катонқарағай, Спорт

12 шілде күні Катонқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде КСРО спорт шебері, қазақ күресінің даңқты палуаны Сергей Сейітқалиұлы Ахметовты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарыстың басты мақсаты – атақты балуанның жарқын спорттық жолын кейінгі жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттың өрісін кеңейту.

Турнирді ұйымдастырған Ахметовтер әулеті бұл бәсекені алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Дүбірлі додаға Абай, Павлодар, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан 2006–2008 жылдары туған жас палуандар қатысып, әртүрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Фархад Құсайынов, қазақ күресінен Шығыс Қазақстан облыстық федерациясының президенті Оразбек Базарбай, «Қазақ күресі» ұйымының төрағасы Қайрат Мазкенов және Сергей Ахметовтың кенже ұлы Қуат Ахметов қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында палуанның замандастары, спорт ардагерлері Арасан Ахметов, Ахмет Бұқатов және Жексен Иқамбаев Сергей Ахметовтың спорттағы жетістіктері мен адамгершілік қасиеттері жайлы естеліктерімен бөлісіп, жарысты ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Олар жас балуандарға ақ жол тілеп, ел намысын қорғайтын спортшылар болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.

Республикалық турнирдің жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады.

Жарыс қорытындысы бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде Малика Бердімұратова жеңімпаз атанса, Виктория Каверина екінші орынға ие болды.

52 келіде Адия Дәулетханова алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Дина Ақылбекқызына, қола медаль Жанеля Байсалбаеваға бұйырды.

65 келі салмақта Дильназ Жумалинова үздік шықса, Аяна Қуанышбек екінші, Анель Амангельдиева үшінші орынға тұрақтады.

90 келі салмақта Ерасыл Черияздан чемпион атанып, Бексұлтан Төлеубекұлы күміс, Әлем Шәкебай қола жүлдегер атанды.

Ал +90 келі салмақ дәрежесінде Асанали Арманұлы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Ерлан Шыңғыс, үшінші орынды Нұрәділ Кенжебаев иеленді.

Тегтер: Катонқарағайқазақ күСпорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған