Шығыс Қазақстан облысында «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы арқылы биыл жалпы ауданы 26,2 мың шаршы метр болатын 350 пәтер салу жоспарланған. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Жуықта Катонқарағай ауданында осындай 12 үйдің құрылысы аяқталды, қазан айының соңына қарай жаңа пәтерлерді жергілікті әкімдік сатып алады. Бұл баспаналар бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға беріледі.
Еске салсақ, өңірде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл – ауылдардың келбетін өзгертіп, тұрғындардың, оның ішінде, әсіресе әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспаналы болуына мүмкіндік беретін өңірлік жоба.




