F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан әлеуметтік даму жөніндегі жаһандық саммитте өз ұстанымын білдірді

F16 F16
05.11.2025, 18:00
Жаңалықтар
Фото: ҚР Үкіметі

Фото: ҚР Үкіметі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Іс-шараға жоғары деңгейдегі 180 өкіл, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Саммит жұмысына академиялық және іскер топтар, үкіметтік емес ұйымдар да қосылды. Саммиттің басты мақсаты – жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ әлеуметтік орнықтылық шараларын нығайту, инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз ету және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу.

Қазақстан делегациясының басшысы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде әлеуметтік даму тұрақты әрі әділетті әлемнің негізі екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған кең ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Қазақстанның жаңа технологияларды пайдалану саласындағы өңірлік көшбасшылығын атап өтіп, еліміздің экономикалық өсуін қолдау және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы инновациялар мен цифрландыру саласындағы басымдықтарымен бөлісті.

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық ынтымақтастыққа және әділдік пен адами қадір-қасиетке негізделген болашақты құруға бейілділігін растады.

Саммит аясында Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен екіжақты келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтіп, энергетика, телекоммуникация және басқа да салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы ақпандағы Қатарға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Ғалымжан Қойшыбаев Қатардың байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бен Әли Әл-Манайимен кездесу өткізді, онда цифрландыру, телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ электрондық үкімет саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары талқыланды.

Қатар тарапына жасанды интеллект саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар да ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.

Сонымен қатар қазақстандық делегация басшысы Power International Holding компаниясының төрағасы Муатаз Әл-Хаятпен жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізіп, оның барысында Қазақстанда холдингтің жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Тегтер: әлеуметтік дамуДохадүниежүзілік саммитКатарҚазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған