F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

WhatsApp, дипфейк және SMS-бластер: Қазақстанда 18 жаңа киберқауіп анықталды

F16 F16
18.04.2026, 11:40
Жаңалықтар, Заң
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңестің отырысы өтті. Онда киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, бейінді министрліктердің, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, байланыс операторларының және онлайн-платформалардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында соңғы үш айда киберқылмыстар санының азайғаны атап өтілді. Биыл мұндай құқық бұзушылықтар саны 15,1%-ға (6 216-дан 5 275-ке дейін) қысқарды. Оң динамика мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қылмыстық қауіп-қатерлерге реактивті әрекет етуден проактивті әрекет етуге көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың нәтижесі болды. Атап айтқанда, кредит беру саласындағы қауіпсіздік күшейтілді: «салқындау кезеңі» енгізілді, алғашқы қарызды ресімдеу кезінде міндетті жеке қатысу талабы белгіленді және өзге де қорғаныс тетіктері іске асырылды.

Байланыс саласында да елеулі өзгерістер енгізілді: SIM-бокстарға тыйым салынды, абоненттерді биометриялық тіркеу енгізілді, операторларға антифрод-жүйелерді қолдану және алаяқтық қоңырауларды бұғаттау міндеттелді.

Сонымен қатар дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы (банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру) күшіне енген сәттен бастап 446 іс тіркелді.

Ұлттық банк жанындағы Антифрод-орталық арқылы алаяқтық операциялармен байланысты 2,8 млрд теңге бұғатталды.

Сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қылмыстарға қарсы күреске, оның ішінде криптовалюталарды ұрлау схемаларын әшкерелеуге, сондай-ақ виртуалды байланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын жаппай алаяқтық қоңырауларға қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды.

2026 жылғы 18 сәуірден бастап Комитетке заңнамалық тұрғыда жаңа функция – мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеуді қоса алғанда, болжамдық-талдамалық қызмет жүктеледі.

Орталықтың талдауы көрсеткендей, алаяқтық қоңыраулардың едәуір бөлігі мессенджерлер (ең алдымен WhatsApp) арқылы жүзеге асырылады, бұл қылмыскерлер белсенділігінің дәстүрлі телекоммуникациялық инфрақұрылымнан тысқары ауысқанын білдіреді. Орталық 18 жаңа киберқауіпті анықтады, олардың ішінде шетелде орналасқан қылмыскерлердің SMS-бластерлерді (байланыс операторларын айналып өтіп жаппай хабарлама жіберуге арналған құрылғылар) пайдалануы; фишингтік таралымдар мен дипфейк технологиялары; нөмірлерді алмастыру және тіркелмеген SIM-карталарды қолдану схемалары бар.

2026 жылғы 4 сәуірде елде алғаш рет SMS-бластерді пайдалану фактісі әшкереленді, бұл құқық қорғау органдарының киберқылмыстың жаңа түрлерін жедел анықтап, жолын кесуге қабілетті екенін көрсетеді.

Отырысқа қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің киберқауіпсіздік саласындағы біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты атап өтті.

Отырыс соңында Берік Асылов халық арасында киберқылмыскерлердің жаңа айла-тәсілдері туралы түсіндіру жұмысын кеңейту, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, байланыс операторларының және онлайн-платформалардың өздеріне заңмен жүктелген міндеттер аясында клиенттері мен пайдаланушыларының құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында киберқатерлердің алдын алуға бағытталған тиісті цифрлық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ үйлестіру кеңесі мүшелерінің, киберполиция бөлімшелерінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және киберқауіптерге қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.

Тегтер: Topзаң және тәртіпҚР Бас прокуратурасыҚұқық
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО делегациясы Қарамай қаласының цифрлық индустриясымен танысты

ШҚО делегациясы Қарамай қаласының цифрлық индустриясымен танысты

22.04.2026, 12:40
Оқушылардың 99,9 пайызы жазғы демалыспен қамтылады — ШҚО

Оқушылардың 99,9 пайызы жазғы демалыспен қамтылады — ШҚО

22.04.2026, 12:13
ШҚО-да орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді

ШҚО-да орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді

22.04.2026, 11:45
Астанада өңірлік экологиялық саммит басталды

Астанада өңірлік экологиялық саммит басталды

22.04.2026, 11:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО делегациясы Қарамай қаласының цифрлық индустриясымен танысты

22.04.2026, 12:40

Оқушылардың 99,9 пайызы жазғы демалыспен қамтылады — ШҚО

22.04.2026, 12:13

ШҚО-да орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді

22.04.2026, 11:45

Астанада өңірлік экологиялық саммит басталды

22.04.2026, 11:35

200 тәуліктен астам уақыт тоқтаусыз жылу берді: «Өскемен ЖЭО» жылыту маусымын аяқтады

22.04.2026, 10:25

Бизнес пен билік диалогы жаңа деңгейге көтерілді — ШҚО

22.04.2026, 09:55

ШҚО-да биыл 270 нысан ерекше қажеттіліктері бар жандарға бейімделеді

22.04.2026, 09:11

Бос орын көп, үміткер аз: мемлекеттік қызметке жастар неге қызықпайды?

21.04.2026, 17:40

Ертіс экожүйесі: балық қоры тұрақты болғанмен тәуекел бар

21.04.2026, 17:00

Моңғолия Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталды

21.04.2026, 16:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған