F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық топ-менеджерлер OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
09.04.2026, 09:23
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы — Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы — OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру бағдарламасын бастайды.

Бұл — академиялық тәжірибе мен практикалық қолдануды ұштастырған, Орталық Еуразия өңірі үшін жасалған жасанды интеллект саласындағы көшбасшыларды даярлайтын ең ірі корпоративтік бағдарлама. Негізгі ұйымдастырушылардан бөлек, ЖИ-агенттері мен цифрлық шешімдерді жасауға мүмкіндік беретін Lovable және CAYU платформалары, сондай-ақ Назарбаев Университеті жанындағы Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жобаның серіктестері болып табылады.

Бағдарламаның академиялық жетекшісі — Stanford University HAI профессоры, ЖИ туралы әлемдік бестселлер авторы, Google Research-тің экс-директоры және ҚР Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі Питер Норвиг. Оның жетекшілігімен оқу материалы біздің өңірдің ерекшеліктеріне барынша бейімделген.

Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:

Мемлекет басшысының экономиканың барлық секторына жасанды интеллектіні енгізу туралы тапсырмасын орындай отырып, біз тәжірибелік өзгерістер кезеңіне көшеміз. Бағдарлама қорытындысы бойынша Stanford University HAI сараптамасына және OpenAI Academy технологияларына сүйене отырып, әрбір қатысушы өз ұйымы үшін қолданбалы ЖИ-стратегиясын жасайды. Бұл әрбір компанияның цифрлық трансформациясы бүкіл елдің технологиялық көшбасшылығы мен табысының негізіне айналатын басқарудың жаңа моделінің іргетасын қалайды, — деп атап өтті.

Оқу 8 сәуірде басталады, ол интенсивті live-сессиялары форматындағы 30 сағаттан астам оқуды қамтиды және кең аудитория үшін озық білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі аудармамен сүйемелденетін болады.

Оқыту мақсатты модель бойынша құрылған: компаниялар командалармен қатысады, бұл орта буыннан жоғары басшылыққа дейінгі негізгі басқарушы рөлдер деңгейінде құзыреттерді кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама аясында әрбір ұйым нақты бизнес-міндеттер мен процестерге бағытталған өзінің жеке ЖИ-стратегиясын әзірлейді. Бұл Мемлекет басшысы қойған экономиканың барлық негізгі секторларына ЖИ-ді жүйелі енгізу міндеті тұрғысынан өте маңызды. Мұндай жағдайда ірі компаниялар мен институттардың жекелеген құралдарды сынап көруден күтілетін тиімділікті анық түсіне отырып, тұтас ЖИ-стратегияларын қалыптастыруға көшуі өте маңызды.

Қатысушылар арасында өңірдегі 150-ге жуық ірі ұйымның басшылары, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері, соның ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» ұлттық холдингтері және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, сондай-ақ экономиканың жетекші компаниялары: Halyk Bank, Freedom Holding, Kaspi.kz, BI Group, Astana Motors, Beeline, Kcell, Bazis-A, «Қазмырыш», Transtelecom, Lancaster Group және басқалары бар.

Оқыту әдістемесі компанияларға ЖИ-ді түсінуден бастап оны іс жүзінде енгізуге дейінгі жолдан дәйекті түрде өтуге мүмкіндік беретін үш сатылы дайындық жүйесіне негізделген. Алдымен қатысушылар Stanford University HAI-мен бірге ЖИ-дің негізгі принциптерін, технологиялардың шектеулерін және олардың бизнес-процестер мен басқаруға әсерін зерделей отырып, академиялық негіз қалайды. Содан кейін OpenAI Academy-мен ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге көшеді — prompt engineering-ті, модельдерді пайдалануды және ЖИ-ді нақты міндеттерде қолдануды меңгереді. Финалдық кезең ЖИ-агенттері мен қолданбалы шешімдерге арналады: CAYU және Lovable-мен бірге командалар бизнестегі және негізгі салалардағы ЖИ-жүйелерін әзірлеуді және қолдануды үйренетін болады.

Мұндай бағдарламалар негізінде біз ЖИ-трансформациясын басқаруға және экономика мен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті құзыреттері бар көшбасшылардың жаһандық қоғамдастығын қалыптастырамыз. Бағдарлама әртүрлі елдердің қатысушыларын біріктіріп, ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Бағдарлама тыңдаушылары арасында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Катар елдерінің өкілдері бар.

Біздің мақсатымыз — өңірге ЖИ саласындағы озық білімге және жаһандық технологиялық экожүйелерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Біз қатысушылары білімді бүгінде индустрияны қалыптастырып жатқан және оның болашағын айқындайтындардан алатын бірінші мамандардан ала алтын бағдарламалар жасаймыз. Осылайша, Орталық Еуразия жаһандық технологиялық және ЖИ-экожүйесінің көрнекті және белсенді мүшесіне айналады, — деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы және бас директоры Әсет Әбдуалиев.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар Stanford University HAI ресми сертификатын алады және Орталық Еуразиядағы ең ірі ЖИ-қауымдастығының мүшесіне айналады. Бұл бастама кадрларды даярлаудың кешенді жүйесінің негізгі буыны болып табылады: естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы еліміздің 1 миллионға жуық азаматы цифрлық сауаттылық бойынша базалық оқудан өткенкен болатын. Жүйелі жұмыс барлық деңгейде — TUMO Astana және Tomorrow School жастар орталықтарынан бастап, AI Sana студенттік бағдарламаларына, мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet арнайы жобаларына және AI Governance 500 бағдарламасы бойынша мемлекеттік секторда ЖИ-офицерлерін даярлауға дейін жүргізіліп, елдің технологиялық дамуы үшін сараптамалық базаны қамтамасыз етуде.

Тегтер: Open AIжасанды интеллект
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған