“Казцинктегі” жарылыс кезінде омыртқасынан ауыр жарақат алған жұмысшыға Астанада ота жасалды, деп хабарлайды F16.kz.
Оны Өскеменнен елордаға жеткізу үшін санитарлық авиация тартылған.
Таңертең ота жасалып, омыртқасына металл бекіткіш орнатылды. Жалпы жағдайы жақсы. Дәрігерлермен тұрақты байланысып отырмыз, — деді «Қазцинк» ЖШС басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен адамның өміріне қауіп жоқ.
Дәрігерлер әзірге науқастың толық қалпына келуіне қатысты нақты болжам жасай алмай отыр.
Десе де, қазіргі уақытта мамандар оның жағдайын тұрақтандыру және алдағы оңалту шараларын жүргізу үшін барлық қажетті көмекті көрсетеді.




