Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры кезекті 26-шы маусымын «Шынарым менің, шырайлым менің» спектаклімен ашады, деп хабарлайды F16.kz.
Қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде әзірленген психологиялық драма махаббат, ар-намыс, адам тағдыры және ұлттық болмыс мәселелерін қозғайды. Айтматов шығармашылығына тән мәңгілік құндылықтар, рухани ізденіс пен ішкі арпалыс сахналық тілмен көркем жеткізіледі.
Маусымашар қойылым биылғы 20 қыркүйек күні сағат 17.00-де Өскемендегі облыстық театрда (мекен жайы Қ.Сатпаев даңғылы 55) болады.




