F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Киіз үйдегі QR-код: Өскеменде дәстүр мен технология тоғысқан жаңа кеңістік ашылды

«Дәстүр HUB» – ұлттық мұраны жаңа буын тілімен танытатын жоба

Madina Kainarova Madina Kainarova
01.06.2026, 17:28
Жаңалықтар

Қазіргі балалардың қолынан смартфон түспейді. Олар ақпаратты кітап бетінен ғана емес, экраннан іздейді. Ал бүгінгі қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – технологиядан алшақтамай, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру. Өскеменде ашылған «Дәстүр HUB» шығармашылық кеңістігі осы екі бағытты бір арнаға тоғыстырған ерекше жоба ретінде назар аудартады, деп хабаралайды F16.kz сайты.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында пайдалануға берілген жаңа алаң кітапхананың дәстүрлі түсінігін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Бұл жер енді тек кітап сақталатын орын емес, білім, шығармашылық, ұлттық мәдениет және заманауи технологиялар тоғысатын ортаға айналмақ.

Бүгінде кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет оқырман ұлт қалыптастырудың маңызын атап өтті. Себебі кітап – жай ғана ақпарат көзі емес. Ол адамның ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, талдау жасауға және дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында Шығыс Қазақстанда балалар мен жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. «Дәстүр HUB» сол бастамалардың нақты көрінісі деуге болады.

Жобаның ең басты ерекшелігі – мұнда ұлттық мұра мен цифрлық технологиялардың үйлесім табуы. Кеңістіктің орталық бөлігіне қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үй орналастырылған. Алайда бұл қарапайым этнографиялық көрме емес.

Келушілер киіз үйдің әрбір бөлшегімен заманауи технологиялар арқылы таныса алады. Арнайы QR-кодтарды сканерлеу арқылы ұлттық ою-өрнектердің шығу тарихы, тұрмыстық бұйымдардың қолданылуы, киіз үйдің құрылымы мен символдық мәні туралы бейнематериалдарды көруге мүмкіндік бар.

Яғни бүгінгі бала үшін тарих пен мәдениет музейдегі үнсіз жәдігер емес, интерактивті әрі қызықты ақпарат көзіне айналады.

Мультимедиялық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерінің қолданылуы да жобаның тартымдылығын арттыра түс.еді. Бұл тәсіл балалардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін ескеріп, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңа кеңістікте кітап ерекше орын алады. Мұнда әдеби кездесулер, кітап талқылаулары, шығармашылық шеберлік сабақтары, білім беру бағдарламалары мен пікірталастар өткізу жоспарланған. Жас оқырмандар тек кітап оқып қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізуді, пікір алмасуды және шығармашылық жобалар әзірлеуді үйренеді.

Сонымен қатар «Дәстүр HUB» подкаст жазуға, бейне контент дайындауға және түрлі цифрлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл – кітапхана қызметінің жаңа кезеңге өткенін көрсететін үрдіс.

Мамандардың пікірінше, қазіргі балалардың қызығушылығын ояту үшін кітап пен технологияны бір-біріне қарсы қоюдың қажеті жоқ. Керісінше, оларды үйлестіре отырып, білім алудың жаңа формаларын қалыптастыру маңызды. «Дәстүр HUB» дәл осы қағидатқа негізделген.

Ашылу күні кітапхана аумағы үлкен отбасылық мерекеге айналды. Қонақтар үшін «Көгалдағы оқу залы», ұлттық ойындарға арналған «Алтын сақа» алаңы, жас суретшілердің шығармашылық аймағы, түрлі шеберлік сабақтары мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Балалар үшін арнайы «Картон қалашығы» да жұмыс істеді.

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде кітапханалар білім беру және шығармашылық орталықтарына айналып келеді. Өскемендегі «Дәстүр HUB» жобасы да осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Оның басты ерекшелігі – ұлттық тамырдан ажырамай, жаңа технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалана білуінде.

Киіз үй мен QR-кодтың, кітап пен жасанды интеллекттің бір кеңістікте тоғысуы – бүгінгі Қазақстанның даму бағытын айқын көрсететін символ іспетті. Өйткені болашаққа ұмтылған ұлт өзінің өткенін ұмытпағанда ғана қуатты болады.

Тегтер: Top
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған