F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қиын-Керішті дамытуға инвестор іздеп жатыр – Күршім ауданы

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
24.09.2026, 17:22
Жаңалықтар, Күршім, Туризм
Қиын-Керішті дамытуға инвестор іздеп жатыр – Күршім ауданы

Фото: F16.kz

Қиын-Керіш шатқалын ғалымдар «Әлемнің сегізінші кереметі» десе, жер бедерінің қызық пішіндеріне байланысты ел ауызында «Рухтар қаласы», «Екінші Марс», «Жалынды жартастар» аталып кеткен. Жұмбағы мен тылсымы көп мекенге барған әр адам ерекше тыныштықты сезінеді. Шатқалда динозаврлар мен алғашқы сүтқоректілердің дәуіріндегі ежелгі омыртқалы жануарлардың тасқа айналған қалдықтары мен аңдардың сүйектері жиі кездеседі.

Зайсан ойпатындағы бірегей геологиялық ескерткіш 300 гектар жерді алып жатыр. «Мұнда әр келген сайын керіштер әр қырынан көрінеді», – деп жазады жазушы Борис Щербаков. Топырақтың сазды құрылымына байланысты жер бедері қатты жел немесе жаңбырдың әсерімен өзгеріп отырады.

Күршім ауданына қарасты бұл тылсым мекен өзге өңірлер үшін қатты танымал деп айта алмасымыз анық. Десе де, жылына 10-20 мыңға жуық тұрғын ат басын бұратын көрінеді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ішкі және шетелдік туристерді тартуға қабілетті маршруттар мен нысандарды анықтауды және ретке келтіруді тапсырған. Бүгінде ауданда осы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қиын-Керіш шатқалын дамытуды 2009 жылдан бері Күршім ауданын кешенді дамыту жоспарына кіргізіп келеміз. Біздің есеп бойынша, жылына 10-20 мың адам осында келіп демалады. Шет мемлекеттерден, Ресей, Бельгия, Аустралия, Америкадан да туристер келіп, әсерін әлеуметтік желілерде бөлісіп жатады. Елімізге белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай 2009 жылы келіп, шатқалды өзінің туристік маршрутына енгізген. Қазіргі уақытта еліміздің әр түкпірінен баггимен турист әкеліп, қыдыртады, – дейді Күршім аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ришат Исқақов.

Аудан әкімдігінің айтуынша, шатқалдың маңайында 6 учаске анықталып, туристік үйлер салу үшін аукцион арқылы беруге дайындалған. Алайда инвестор әлі табылған жоқ.

Бір компаниямен келісіп, олар заманауи үйлер мен этноауыл салуды жоспарлап, жобасы жасалып, бекітілген де болатын. Алайда компанияның ішкі мәселелеріне байланысты жоба іс жүзінде жүзеге асырылған жоқ. Былтырдан бастап Аманат ауылында өзге өңірлерден көшіп келген азаматтарға туристік қонақ үйлер ашу бойынша ұсыныс білдірдік. Олар келісті. Бүгінде екі үй таңдап бердік. Тұрғындар алдағы уақытта оны жөндеп, туристерді қабылдауға дайындайды. Егер болашақта сұраныс артып, туристер саны көбейіп жатса, оны кеңейтіп, Қиын-Керішке жақындату да ойда бар, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Бүгінде шатқалда интернет ұстамайды, тоқ тартылмаған. Бұл мәселелер де алдағы жылдары шешімін табуы мүмкін.

Биыл цифрландыру басқармасы келіп, Starlink орнату бойынша орындар белгіленген. 2027 жылы интернет қосылуға тиіс. Биыл аудан әкімінің қолдауымен екі самалжай мен арнайы белгілер орнатылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады, – деп атап өтті әкімдік өкілі.

Яғни тұмса табиғатымен ерекшеленетін Шығыс Қазақстан облысына алдағы жылдары келетін туристер саны бұрынғыдан да артуы мүмкін.

Тегтер: F16Күршім ауданыҚиын КерішТуризм
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

14.10.2026, 18:26
Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

14.10.2026, 15:07
Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

14.10.2026, 14:32
Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

14.10.2026, 11:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

14.10.2026, 18:26

Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

14.10.2026, 15:07

Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

14.10.2026, 14:32

Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

14.10.2026, 11:19

ШҚО-да жер үй көп сатылып жатыр

14.10.2026, 10:09

Өскеменде студенттер жатақханасында өрт шықты

14.10.2026, 10:00

Мәслихат сайлауы өтетін күн белгіленді

14.10.2026, 09:30

Оралхан Бөкей көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады – Өскемен

13.10.2026, 16:04

Риддер Өскеменде мәдени мұрасы мен инновациялық жобаларын таныстырады

13.10.2026, 15:05

ШҚО-ның бұрыңғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

13.10.2026, 12:27

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған