F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қой көтеріп, қол күрестірді: Марқакөл ауданының жәрмеңкесі ерекше өтті

Madina Kainarova Madina Kainarova
22.11.2025, 13:09
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Марқакөл, Өскемен

Өскемендегі «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтарына Марқакөл ауданының шаруалары тамаша тарту жасады, деп хабарлайды F16.kz.

Жәрмеңкеге келген жұрт арзан бағаға сапалы азық-түлік сатып алып бір қуанса, марқакөлдік өнерпаздардың концертін тамашалап тағы бір мәз-мейрам болды. Одан бөлек гір көтеру, қой көтеру, қол күресі сияқты спорттық ойындарды қызықтап, сынға түскен жігіттерге жанкүйерлік етті.

Бүгін «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының жәрмеңкесі болып жатыр. Бұл жерге біздің шаруалар 3 тоннадан астам жылқы етін, 2 тоннадан астам ірі қара етін, 3 тоннадан астам қойдың етін және 100 келіден астам сары май, құрт өнімдерін әкелді. Ауданның бес ауылдық округі қатысып отыр. Жәрмеңке алушыға да, сатушыға да тиімді. Арада делдал жоқ. Шаруалар өзінің табиғи таза, сапалы өнімін тұтынушыға тікелей өткізеді. Сондықтан баға нарықтағыдан төмен, – деді Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсенов.

Таң сәріден сауданың көрігін қыздырған қала тұрғындары түске қарай сәл саябырсып, спорт сайыстарына ден қойды. Алдымен сахнаға білек күшіне сенген жігіттер көтерілді. Гір тасын қолында ойнатқан саңлақтардың алды 24 келілік гірді 60 рет көтерсе, кейінгілері 20-30 ретпен шектеліп жатты. Көптің қызығушылығын туғызған қой көтеру сайысы болды. 40 келіге жуық салмақ тартатын тоқтыны желкесіне қондырып алып екі минут ішінде 50-ден астам мәрте отырып тұрған Сұлтан Амантай бас жүлдені жеңіп алды. Оған өзі көтерген қара тоқты сыйға берілді.

Мұндай сайыстарды өткізіп тұрған дұрыс. Жастардың спортқа деген ынтасы оянып, салуатты өмірге бейімделеді. Былтыр аудандардың жәрмеңкесінде қой көтеру сайысы дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын, биыл міне Марқакөл ауданы бастап жатыр. Ары қарай жалғасты болса игі еді. Халықтың көңілін көтеріп, бір серпіліп қалды. Спорт деген жақсы ғой, – деді қой көтеру бәсекесінің жеңімпазы Сұлтан Амантай.

Жәрмеңкеге жиылған көпшілік сауда жасап қана қоймай, концерт пен спорт сайыстарын тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Тегтер: F16азық-түлікжәрмеңкеМарқакөл ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған