F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемен-Үлкен Нарын бағытында су көлігі жолаушылар тасымалдайды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
04.05.2026, 11:18
Басты, Жаңалықтар, Өскемен, Үлкен Нарын
Круизбен саяхат, Өскемен – Үлкен Нарын бағыты: ШҚО-да ауқымды жобалар қолға алынды

Фото: Аяужан Утеулинова

Алдағы жылдары туристер Шығыс Қазақстанның табиғаты көркем жерлеріне круиз арқылы сапар шеге алады. Сондай-ақ Өскемен – Үлкен Нарын бағыты бойынша тұрақты жолаушылар қатынасы да іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы «Белалекс» компаниясының директоры Олег Белов айтып берді, деп хабарлайды F16.kz.

Славский жағалауы —  өскемендіктердің ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Шаһарға алыс-жақыннан келген қонақтар да міндетті түрде жағалауға келуге асығады. Әсіресе, жаз мезгілінде ерке Ертістің бойымен серуен құратындар қатары арта түседі. Мұнда 2020 жылдан бері өзен трамвайлары жұмыс істеп тұр. Тұрғындар мен қонақтар өзеннің сұлулығына көз суарып, Шығыстың бас қаласын өзге қырынан танып, сондай-ақ Ертіс пен Үлбінің тоғысқан жерін тамашалау үшін маусымның ашылуын асыға күтеді.

Биылғы 1 мамырда өзен тармвайларының кезекті маусымы ашылды.

Биыл алтыншы маусымды аштық. Алғаш жұмыс істей бастаған 2020 жылы пандемияға қарамастан 20 мыңға жуық адамды тасымалдадық. Ал былтыр өзен трамвайларымен 100 мыңға жуық адам серуендеді. Алдағы уақытта бағытымызды кеңейту жоспарда бар. Өзен трамвайлары, Ертіс өзенінің бойымен серуендеу — Өскеменнің ерекшелігіне айналып келе келеді, — деп атап өтті «Белалекс» компаниясының директоры.

ЕРТІСТІҢ БОЙЫМЕН КРУИЗ 

Сонымен қатар Олег Беловтың айтуынша, компания алдағы жылдары ауқымды жобаларды қолға алмақ ниетте. Су көліктерімен тек қала ішінде емес, облыс көлемінде де жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр.

Қазір облыс әкімдігімен бірлесіп, жолаушыларды тасымалдау қызметін қайта жандандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, алдағы бір-екі жылда Өскемен – Үлкен Нарын бағыты бойынша тұрақты жолаушылар қатынасы іске қосылуы мүмкін. Облыс әкімі ресейлік зауыттың басшылығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Мамыр айында келісімшартқа қол қою жоспарланған. Яғни, аудандарға да су көліктері арқылы қатынауға болады. Бұл көлік жолдарына түсетін жүктемені азайтып, облыс орталығының тұрғындары мен туристерге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды, — деді ол.

Сонымен қатар жақын уақытта Шығыстағы тамылжыған табиғатымен көпшілікті таңдай қақтырар орындарға круизбен саяхаттау да мүмкін болмақ. Олег Белов өз сөзінде Өскемен қаласынан басталып, Ертіс өзені бойымен Зайсан көліне дейін баратын теплоход іске қосылуы мүмкін екенін де атап өтті.

Жатын орны бар, жағдай жасалған теплоходтарды іске қосу да жоспарда бар. Круизбен Шығыстың бас шаһарынан шығып, өңірдегі негізгі туристік нысандарға саяхаттауға болады. Осы арқылы туристер ағыны артып, туристік саланы әртараптандыру мүмкін болады деп ойлаймын. Су көлігі – тұрғындар үшін жаңа логистикалық мүмкіндік. Қазір Ресей Федерациясымен нақты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ынтымақтастықтың бір түрі ретінде бірлескен кәсіпорын құрылуы мүмкін немесе басқа да нұсқаларды қарастырамыз, — деп атап өтті компания директоры.

Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен әкімдіктері су арқылы жолаушылар қатынасын қайта жандандыру идеясын толықтай қолдап отыр.

 

Тегтер: TopкруизӨскеменТуризмҮлкен Нарын
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған