Тарбағатай ауданының Құйған ауылында наубайхана ашылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолауымен жүзеге асырылған бұл жоба шағын кәсіпкерліктің дамуына тың серпін береді, деп хабарлайды F16.kz.
Кәсіпкер Нұргүл Бөлекбаева ашқан наубайхана бүгінде ауыл тұрғындарын күнделікті жаңа піскен ыстық нанмен қамтамасыз етіп отыр. Бағдарлама аясында алынған заманауи құрал-жабдықтар кәсіпорынның толық қуатпен жұмыс істеуіне және тұрғындардың сұранысына сай өнім шығаруына мүмкіндік беріп отыр.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, жобаның басты артықшылығының бірі — төмен пайызды несие мен құжаттарды жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу үдерісі. Осы қолайлы шарттардың арқасында ол өз ісін бастап, жобасын қысқа уақыт ішінде жүзеге асырды.
«Ауыл аманаты» жобасы мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Көптен бері наубайхана ашуды жоспарлап жүрген едім. Бағдарламаның жеңілдіктерінің арқасында қажетті құрал-жабдық сатып алып, өз ісімді бастап кеттім. Қазір ауылдастарымды күн сайын жаңа піскен сапалы нанмен қамтып отырмын. Бұл — менің ғана емес, бүкіл ауыл үшін қуанышты жаңалық Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында алдағы уақытта өнім түрлерін көбейту ойымда бар, — деді Нұргүл Бөлекбаева.




