F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құмаш Нұрғалиев-100: ұлағатты ұстаздың еңбегі дәріптелді

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
29.10.2025, 18:00
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО білім басқармасы

Фото: ШҚО білім басқармасы

Шығыстың бас шаһарында ұлағатты қазақ педагогикасының көрнекті өкілі, КСРО халық мұғалімі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі Құмаш Нұрғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық форум өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Еліміздің білім саласында ойып тұрып орын алатын ұлағатты ұстаздың мұрасын дәріптеп, тағылымды ісін ұлықтаған алқалы жиынды өткізуге Оқу-ағарту министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және облыстық білім басқармасы мұрындық болды. Белгілі педагогтың өмірі мен еңбегін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған форумға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ардагер ұстаздар, Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп және колледж директорлары, жас педагогтер мен студенттер қатысты.

Форумның ресми ашылуында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Светлана Ферхо және Құмаш Нұрғалиевтің отбасы мүшелері құттықтау сөз сөйлеп, ұстаз ұлағатын ерекше ілтипатпен еске алды.

Шара барысында қатысушылар Құмаш Нұрғалиевтің өмір жолына арналған «Аңыз адам» деректі фильмін тамашалап, педагогтың жаңашыл әдістемелік тәжірибесіне арналған көрмені аралады. Көрмеде ұстаздың еңбектері, фотосуреттері мен архивтік материалдар ұсынылып, келушілер өткен ғасырдағы нағыз білім реформаторының тұлғасын тереңірек таныды.

Форумның шарықтау шегі Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжде жаңа мұражайдың ашылу рәсімі болды. Құмаш атамыздың еңбегі мен педагогикалық мұралары сақталатын бұл мұражай болашақ ұрпаққа үлгі болар орталыққа айналмақ.

Өскемендегі мазмұнды шараға онлайн форматта ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кеңестің жауапты хатшысы, Мәскеу мэрінің кеңесшісі Зинаида Драгункина қатысып, арнайы құттықтау лебіздерін жолдады. Олар Құмаш Нұрғалиевтің жаңашылдыққа толы әдістемелік идеялары мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ форум барысында қатысушылар ұстаз туралы жылы естеліктермен бөлісті. Олардың қатарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ШҚО филиалының директоры Гаухар Жұманова, Боран орта мектебінің түлегі Рахима Смаилова және ҚР білім беру ісінің үздігі Әлібек Нұрмұхамбетов бар. Әрқайсы Құмаш Нұрғалиевтің адамгершілігі мен білімге деген адалдығын ерекше атап өтті.

Жиын соңында еліміздің білім беру саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан педагогтер мен қоғам қайраткерлеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Марапатталғандар қатарында қоғам қайраткері Светлана Ферхо, ұстаздың қызы, педагог Гүл Нұрғалиева, Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия (Марқакөл ауданы), №43 мектеп-лицейі (Өскемен қаласы), Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж бар.

Жалпы форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық педагог қатысты.

Өскеменде өткен бұл форум – бір адамның өмір жолын ғана емес, тұтас бір дәуірдің педагогикалық мәдениетін дәріптеген тағылымды жиын болды. Ұстаздың 100 жылдығы оның ұлағатын жаңғыртып қана қоймай, жас мұғалімдерді ізденіске, шығармашылыққа және рухани биіктікке жетеледі.

Тегтер: F16БілімҚұмаш Нұрғалиевмерейтой
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05
Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған