Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Күршім ауданының бірқатар ауылдарында 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды, деп хабарлайды F16.kz.
Қаратоғай, Қойтас, Алғабас орта мектептері, Ақши бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақшасы және Қыстау-Күршім, Ақсуат, Жолнұсқау және Мөнекей негізгі орта мектептері 35 м/с дейін қатты екпінді желге байланысты онлайн оқытуға көшеді, — делінген хабарламада.




