Қазақстанда кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға және асыл тұқымды ірі қара басын көбейтуға бағытталған жеңілдетілген несие бағдарламалары іске асырылып жатыр. Бұл бағдарламалардың басты мақсаты — фермерлерге қолжетімді қаржыландыру тетіктері арқылы сала тиімділігін арттыруды көздейді.
«ИГІЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫ
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған бағдарлама аясында келесі шарттар қарастырылған:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6 пайыздан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін;
- қаржыландыру көлемі – 100-ден 499 басқа дейінгі шаруашылықтарға;
- несие сомасы – 1 млрд теңгеге дейін.
«БЕРЕКЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Тауарлы шаруашылықтарды қолдауға арналғани «Береке» бағдарламасы аясында келесі шарттар қарастырылған:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6 пайыздан аспайды;
- несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін;
- қаржыландыру көлемі – 500 бас және одан жоғары мал шаруашылықтарына;
- несие сомасы – 5 млрд теңгеге дейін.
Мамандардың айтуынша, аталған бағдарламалар отандық мал шаруашылығын дамытуға серпін беріп, асыл тұқымды мал басын көбейтуге және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына ықпал етпек.




