Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтетін күнді белгіледі. Саяси науқан 29 қарашада өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.
«Алдағы сайлау аясында 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлау жоспарланған. Атап айтқанда, 20 облыстық мәслихатқа — 668 мандат, 38 қалалық мәслихатқа — 626 мандат және 170 аудандық мәслихатқа 2 153 мандат», — деп Мұхтар Ерман.
Оның айтуынша, мәслихаттар депутаттары халық тарапынан тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Еске салайық, сейсенбі, 12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.




