F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мәулен Әшімбаев: жаңа Конституция – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының берік негізі

F16 F16
25.02.2026, 12:35
Билік, Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Өскемен, Саясат
Фото: ҚР Сенаты

Фото: ҚР Сенаты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Барлық іс-шара «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналды, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: ҚР Сенаты

Сондай-ақ кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды.

Сенат төрағасы атап өткендей, конституциялық реформа – айрықша маңызға ие тарихи оқиға және демократияны нығайту жолындағы нақты қадам. Жаңа Конституция – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың тікелей нәтижесі. Бұл өзгерістер саяси институттарды қайта жаңғыртып, Қазақстанның тиімді әрі заманауи басқару үлгісіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды және кешенді жаңғыртуға арналған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам. Ата Заңдағы концептуалды өзгертулердің бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі екенін атап өткен жөн. Жаңа конституциядағы дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесінің негізін қалыптастырады, – деп атап өткен Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен бірлесіп атқаратын алдағы ортақ міндеттерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат төрағасы өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды. Сондай-ақ ол жаңа Конституциядағы экологиялық нормалар халықтың денсаулығын сақтауды және кәсіпорындардың жұмысына инновациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз ететін стратегиялық маңызға ие екенін айтты.

Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы. Сондай-ақ бұл – заманауи стандарттарды енгізу, озық технологияларға көшу және экологиялық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету деген сөз. Бүгінде мемлекет ғылымды, білімді, экологиялық бастамаларды, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді қолдап отыр. Дәл осы бағыттар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жарқын көрінісі екені анық, – деді Палата төрағасы.

Іс-шараларда жаңа Ата заң еліміздің ұзақмерзімді тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және серпінді дамуға негіз болатын саяси құрылымды қалыптастыратыны туралы да сөз болды. Жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде конституциялық өзгерістер бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істейтін саяси жүйе құруға бағытталғаны айтылды. Мәулен Әшімбаев бұл реформалардың сапалы жүзеге асырылуы, жалпы елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына және олардың бастамашылдығы мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жасампаздық және үздіксіз білім алу құндылықтарының маңызына үнемі баса мән беріп келеді. Бұл қағидаттар Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасында көрініс тапқан. Ол Абайдың «Толық адам» ілімімен үндесетіні белгілі. Бүгінде жастардың белсенділік танытып, қоғамдық талқылауларға қатысуы, диалог мәдениетін ілгерілетуі және елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы аса маңызды. Өйткені, реформалардың табысты жүзеге асуы және Қазақстанның әрі қарай қарқынды дамуы жас буынның ұстанымына тікелей байланысты, – деді Мәулен Әшімбаев.

Тегтер: F16Ата заңӘшімбаевКонституциялық реформаРеферендумсенат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған