F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мазасыз маусым басталды: ШҚО құтқарушыларының дайындығы қалай?

F16 F16
17.03.2026, 17:41
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында қарғын суға қарсы дайындық қарқынды жүріп жатыр. Наурыз айының соңына қарай өңірде көктемгі су тасқынының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды F16.kz.

Көп жылғы бақылауларға сәйкес, бұл кезеңде өзен-суларда сең жүреді. Әдетте ол наурыз айының соңынан  сәуірдің соңына дейін жалғасады. Осы уақытта Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит және Ақсу өзендерінде мұз кептелісі пайда болады.

Облыста 1 ақпаннан бастап жоғары дайындық режимі енгізілген. Төтенше жағдайлар департаментінде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылған. Сонымен қатар су басу қаупі бар әрбір елді мекенге жауапты мамандар бекітілген. Арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, былтыр өңірде 28 инженерлік жұмыс атқарылған. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, биыл 9-15 ақпан аралығында арнайы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдардың дайындық деңгейін тексеріп, тиісті ұсыныстар берілген.

Қазір облыста каналдар, арықтар, су өткізу жүйелері мен көпірлерді тазарту жүргізіліп жатыр. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 84,4 пайызы орындалған. Атап айтқанда, каналдардың 81,8 пайызы, арықтардың 74,3 пайызы, су өткізу нысандарының 86,1 пайызы және көпірлердің 90 пайызы тазартылды. Сонымен қатар елді мекендерден 335 мың текше метр қар шығарылған.

Материалдық қор дайындалған: 82 мың қап, 10,2 мың тонна инертті материал және 393 тонна жанармай қоры жасақталды.

Мұз кептелісінің алдын алу үшін жеті ауданда қауіпті 20 учаске анықталды. Қазір аталған учаскелерде қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдай туындай қалса жедел әрекет ететін 3677 адамнан тұратын жасақ пен құралдар дайын. Оның ішінде 556 техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпа бар.

Қосымша бақылау жүргізу үшін Алтай ауданына әскери бөлімнің қызметкерлері жіберілген. Ал қажет болған жағдайда тұрғындарды көшіру үшін 13 мың адамға арналған 137 эвакуациялық пункт дайын тұр.

Халықты ақпараттандыру жұмысына да басымдық берілген. Бүгінге дейін 411 рейд ұйымдастырылып, 12 мыңнан астам жадынама таратылған. Қауіп күшейген жағдайда тұрғындарға 48 сирена, SMS хабарламалар, теле-радио құралдары және «Дармен» қосымшасы арқылы ескерту жасалады. Сондай-ақ «Масс Алерт» жүйесі де іске қосылады.

Құтқарушылар өңір тұрғындарын сақтық шараларын естен шығармауға және ресми ақпаратқа жүгінуге шақырады.

Тегтер: F16Қауіпсіздікқұтқару қызметісу тасқыныШҚО ТЖД
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған