Жақында Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі халық саны бойынша ресми ақпарат жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, Шығыс Қазақстанда халық саны бір жылда 3 мың адамға азайған, деп хабарлайды F16.kz.
Әсіресе шекарадағы аудандарда тұрғындардың үдере көшуі әлі де тоқтамай тұр.
Демограф Аяулым Сағымбаева халықтың ауылдан жаппай көшуіне бірінші кезекте жұмыссыздық әсер ететінін айтады.
Ауылдарда жұмыс орны жоқ, жалақы дұрыс емес, инфрақұрылым нашар. Сондықтан адамдар жайлы тұрмыс іздеп қалаға көшеді. Бұл жағдай еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне және басқа да салаларға кері әсер етеді. Мәселені шешу үшін әлеуметтік-эконо мың адаммикалық теңсіздікті жою керек, – деді Аяулым Сағымбаева.
F16.kz тілшісі шекара маңындағы аулдардың мәселесін көтеріп жүрген Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтан бұл жайында пікірін сұрады.
Тарихта алғаш рет Катонқарағай ауданында халық саны 150 адамға артты. Жалпы шекаралық аудандарда ең алдымен инфрақұрылым салу керек. Бүгінде ол үшін қаржы бөлініп жатыр. Бірақ ол аздық етеді. Ол жақтың әлеуетін көтеру үшін мемлекеттен басқа да бір қимылдар қажет. Қазіргі таңда біз шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі заң жобасын дайындап жатырмыз. Онда мемлекеттік қызметкерлерге өтемақы төлеу, экстремалды (қолайсыз табиғи жағдайда орналасқан) аудандар болса оған электр энергиясына белгілі бір жеңілдік жасау және мемлекеттің даму институттарын шекаралық аудандарға алып келу сияқты мәселелер қарастырылып жатыр. Осындай шаралар қолға алынса халық керісінше көшіп баруға ынталы болады деп ойлаймыз, — деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның 14 облысы көршілес 5 елмен (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан) шектеседі. Шекаралық аймақтарда 65 аудан бар. Онда 3,5 млн адам тұрып жатыр.




