F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

F16 F16
28.04.2026, 11:57
Бизнес, Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында Altay Invest форумы аясында ұсынылған инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы қаралды. Жиын қорытындысы көрсеткендей, келісімдер көп жасалғанмен, олардың басым бөлігі нақты іске келгенде мысықтабандап тұр. Бұл өңірдегі инвестициялық саясаттың тиімділігіне қатысты мәселені күн тәртібіне шығарды, деп хабарлайды F16.kz.

Ресми деректерге сүйенсек, жоспарланған 38 жобаның тек 10-ы іске асыру кезеңіне өткен. Ал 17 жоба әзірлік сатысында немесе түрлі себептермен кідіріп тұр. Мұндай көрсеткіштер аймақтың инвестициялық әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіріп отырғанын аңғартады. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл қарқынның жеткіліксіз екенін айтып, жауапты құрылымдардың жұмысын сынға алды.

Келісімдерге қол қойылғаны жөнінде бәрі есеп берді. Енді нақты нәтижеге жұмыс істеу керек, — деді өңір басшысы.

Қазір жүзеге асыру кезеңіне өткен жобалардың қатарында бірқатар ірі бастама бар. Мәселен, «Наш Дом» ДСП зауытын жаңғырту және қайта құру жобасы (3,1 млрд теңге), Риддер қаласындағы туристік және спорт нысандары құрылысы (2,1 млрд теңге), Самар ауданындағы балық шаруашылығы кешенін кеңейту (700 млн теңге) іске қосылған. Бұдан бөлек, «Эко-Орман» зауытын ашу, мал шаруашылығы қалдықтарын терең өңдеу, гидроэлектрстанциялар салу және «Пана Азия» туристік жобасын дамыту жоспарланған. Алайда жобалардың едәуір бөлігі әлі қолға алынбаған. Олардың ішінде Қытаймен шекарадағы автожол құрылысы, бірнеше шағын ГЭС құрылысы, инфрақұрылымдық және туристік бастамалар бар. Кейбірі құжаттарын әзірлеу сатысында болса, енді бірінде келісу рәсімі жүріп жатыр немесе инвестор іздеу кезеңінде. Сонымен қатар Қытайға балық өнімдерін экспорттау жобасы да дайын тұрғанына қарамастан мемлекетаралық келісімдердің болмауына байланысты жүзеге аспай тұр.

Облыс әкімі мемлекеттік органдар жұмысы тек құжаттарға қол қоюмен шектелмеуге тиіс екенін атап өтті.

Әр жобаның қай кезеңде тұрғанын, қандай қиындықтары барын және қандай қолдау қажет екенін нақты білу керек. Бұл — формалды емес, жүйелі жұмыс, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жиында инвестициялық жобаларды жеделдету үшін инвесторлармен тұрақты кездесу өткізу ұсынылды. Аптасына кемінде бір рет ұйымдастырылатын мұндай формат проблемаларды дер кезінде анықтап, шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жалпы, жиын қорытындысы өңір үшін маңызды межені айқындап берді: енді таныстырылымдар мен меморандумдардан нақты іске көшу қажет. Әйтпеген жағдайда, инвестициялық жобалар қағаз жүзінде қалып қою ғажап емес.

Тегтер: F16БизнесжобаИнвестицияКәсіпкерлікСақтағановШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған