Өскеменде тергеу изоляторындағы досына жасырын телефон кіргізбек болған 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Бөлке нанның ортасында жасырылған смартфонды мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексерген кезде тауып, тәркілеген.
Аталған факті бойынша тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, – деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Дәулетбек.




