Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің бірінде бөлке нанның ішіне екі бірдей ұялы телефон жасырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Ол азық-түлік сәлемдемесін тексеру барысында анықталған. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша тиісті материалдар рәсімделген.
Ұялы телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу мекемедегі қауіпсіздікке және жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне қауіп төндіреді. Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды кіргізу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.




